Мюнхендегі жиында Зеленский 24 ақпанда Киевте саммит өткізуді ұсынды
Бейнежазба скриншоты
Украина президенті Владимир Зеленский 15 ақпанда Мюнхен конференциясының негізгі отырысында сөз сөйлеп, Батыс елдері басшыларын 24 ақпанда Киевте бас қосуға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Украина қазірдің өзінде Ресейдің жаппай басып кіруінің үш жылдығына арналған саммит өткізуге тырысуда.
«Барлық еуропалық көшбасшылар. Біздің қауіпсіздігімізді қорғайтын барлық негізгі серіктестер. Испаниядан Финляндияға дейін. Ұлыбританиядан Польшаға дейін. Вашингтоннан Токиоға дейін.
Бұл кездесу бейбітшілікке, қауіпсіздік кепілдігіне және ұжымдық саясатымыздың болашағына қатысты келесі қадамдарымызға нақты көзқарасты көрсетуге тиіс», - деді Зеленский.
Бұған дейін Украина президенті Ресеймен бейбіт келісімге келуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда ол үшін Украина мен оның Вашингтон бастаған одақтастары алдымен Киев пен Еуропаның осы келіссөздердегі мүдделерін сақтауды көздейтін жалпы жоспар құруы керек деді ол.
Зеленскийдің бұл ойлары бірқатар еуропалық саясаткерлердің Еуропа АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер үдерісінен шеттетіледі деген қауіптерімен сәйкес келеді.
«Мен Америкасыз қауіпсіздік кепілдіктеріне сенбеймін – ол қайткенмен де әлсіз болады. Бірақ Еуропаның өз кепілдіктері күшті болмаса, Америка кепілдік бермейді. Сондай-ақ мен Украинаның НАТО-ға мүшелігін күн тәртібінен алып тастамаймын», - деді Зеленский өз сөзінде.
Украинадағы соғыс 2022 жылы 24 ақпанда басталды. Владимир Путин Украинаны «демилитаризациялау» үшін «арнайы әскери операция» деп атаған соғыс қимылдарының басталғанын жариялағаннан кейін Ресей көрші мемлекеттің аумағына басып кірді.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға