Мьянмада ереуілге шыққан 40-қа жуық адам мерт болды
Reuters
14 наурызда Мьянма қалаларында қауіпсіздік күштері наразылықты басу кезінде, 38 адам көз жұмып, 80-ге жуық адам жараланды. Бұл туралы Мьянманың саяси тұтқындарға көмек қауымдастығы (APPZ) мәлімдеді, деп хабарлады ORDA РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қауымдастықтың Facebook парақшасында адамдар Янгон, Мандалай, Баго, Факанда көз жұмды делінген. 14 наурыздағы жағдай бойынша әскери күш билік басына келгелі және ақпан айының басында жаппай ереуілдер басталғалы бері Мьянмада қауіпсіздік күштерімен қақтығыста 126 адам қаза тапқан.
APPZ мәліметтері бойынша, қазіргі кезде елде тұтқындалған адамдардың жалпы саны 2 156 адамға жетті. Қауымдастық бұл сан тек наразылық акциялары кезінде ұсталған адамдардың жалпы санын емес, айыпталған ресми қамауға алынған адамдардың санын ғана көрсететіндігін атап өтті.
Myanmar junta forces killed at least 38 people in one day on March 14, according to AAPP @aapp_burma #WhatsHappeningInMyanmar pic.twitter.com/ja9i4d4qW5
— Wa Lone (@walone4) March 14, 2021
Мьянманың әскерилер бақылайтын мемлекеттік MRTV телеарнасы кейбір жерлерде наразылық білдірушілер полиция мен әскери қызметкерлерге қарсы қару қолданған деп хабарлады. Нәтижесінде сол күні Янгонда наразылық білдірушілермен қақтығыста екі полиция қызметкері қаза тапты.
Мьянманың әскери күштері азаматтық үкіметті құлатып, елдегі билікті 1 ақпанда қолға алып, Мьянма президенті Вин Минт пен Мемлекеттік кеңесші (іс жүзінде премьер-министр) Аун Сан Су Чи бастаған азаматтық көшбасшыларды қамауға алды.
The burning factories in Hlaing Tharyar could not be controlled still after midnight. Yangon Myanmar. #March14Coup #WhatsHappeningInMyanmar #RejectMyanmarMilitaryCoup pic.twitter.com/aMYt8iK30J
— Violet (@Violet50231835) March 14, 2021
Әскерилер бұл әрекеттерін 2020 жылғы жалпы сайлау нәтижелерінің жаппай бұрмалануымен және азаматтық биліктің оны тергеуге келмеуімен байланыстырды. Төтенше жағдай енгізудің конституциялық механизмнің көмегімен билікке келген жаңа әскери үкіметтің басшылары бір жылдан кейін жаңа сайлау өткізіп, билікті жеңген партияға өткізуге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық