Митингіге шыққан Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды
Фото: Irbistv.kz
Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды.
Ауыл тұрғындары шенеуніктерден шара қолдануды талап етіп, тас жолды жауып тастаған еді. Кеше шеруге шыққандардың біразын полиция ұстағаны белгілі болды.
Ақмола облыстық сотында хабарлауынша, митингіге қатысқан алты адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 110-нан 184 мың теңгеге дейін айыппұл төлеу міндеттелген.
«2024 жылғы 26 наурызда Қоянды ауылында азаматтар әкімдіктің хабарламасынсыз және рұқсатынсыз ұйымдасқан митингіге қатысып, заң талаптарын бұзған. Олар 488-баптың 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулыларымен әрбір құқық бұзушыға 30-дан 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Әйелдерге кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріліп, айыппұл мөлшері 30%-ға азайтылды», деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бұл ретте сот екі әкімге – Ақмола облысы мен Целиноград облысының әкіміне су тасқыны аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нашар жұмысы үшін Қоянды әкіміне шара қолдану туралы жеке қаулы шығарды.
Еске салайық, Ақмола облысы Қоянды ауылында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелер зардап шеккен. Жергілікті биліктің дым істемей отырғанын айыптаған халық Астана – Павлодар республикалық тас жолын жауып тастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық