«Конституциялық реформамен келіспейміз» деп жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғандар қатаң жазаланады – Мирзиёев
Фото: Kremlin Pool/Global Look Press
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы жағдайға қатысты үндеу жасады.
Оның айтуынша, жеке күштер өздерінің пайдакүнемдік мақсаттары үшін «конституциялық реформамен келіспейміз» деген желеумен Өзбекстандағы жағдайды шайқалтып, тұрақсыздандыруға тырысқан.
«Демократиялық қағидаттар мен құқықтық нормалар негізінде азаматтардың еркін түрде пікірін білдіруі үшін жасалған жағдайларға қарамастан, жеке күштер агрессия мен зорлық - зомбылық жолын таңдап, өздерінің пайдакүнемдік мақсаттары үшін «конституциялық реформамен келіспейміз» деген желеумен Өзбекстандағы жағдайды шайқалтып, тұрақсыздандыруға тырысып жатыр» деді президент.
Өзбек басы деструктивті күштер әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату арқылы азаматтарды конституцияға қарсы әрекеттерге мақсатты түрде тартып жатқанына сендірді.
«Олардың басты мақсаты – қоғамды жікке бөлу, мемлекеттің жүргізіп жатқан сындарлы саясатына деген сенімді азайту, Өзбекстанның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру. Алайда Қарақалпақстанда жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістер жедел қарқынмен жалғасатын болады» деді Шавкат Мирзиёев.
Сондай-ақ, ол сепаратизмге, жаппай тәртіпсіздіктерге, билік органдарына қарсы күш көрсетуге шақыру әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер жазаға тартылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық