«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды
Сурет: «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімін тағы бір аптаға созды, деп хабарлайды Orda.kz корпорацияның Telegram арнасына сілтеме жасап.
Телеарна көрермендердің фильмді үлкен экрандарда көрсетуге деген жұртшылықтың сұранысы жоғары болғандықтан осындай шешім қабылдады. Баспасөз қызметі фильмнің мемлекет тапсырысы бойынша бюджет қаражаты есебінен түсірілгенін баса айтты.
«Алты сериялы «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін корпорация өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджет қаражаты есебінен түсірген. Тарату компанияларымен жасалған келісім бойынша көркем фильм 21 қыркүйектен бастап 15 күн бойы кинотеатр экрандарынан көрсетілді» деп атап өтті арнаның баспасөз қызметі.
Оның үстіне, бір кездері көрермендердің өтінішін ескере отырып, көрсетілім тағы төрт күнге ұзартылған.
Жұрт жабыла көріп жатқан танымал туындының 5 қазанда прокаттан алынғаны туралы хабар қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырды.
Осыған дейін Orda.kz еліміздің түкпір-түкпіріндегі кинотеатрларда тарихи фильм көрсетілімі тоқтатылуының себебін авторлардан білген еді. Фильм режиссері прокаттың мерзімі біткендігін айтып, кінәліні іздеудің қажеті жоқ екенін мәлімдеп үлгерді.
Жаңалықтар
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?