Міржақып Дулатұлының 99 жыл бұрынғы жазбасы табылды
Қазақ халқының ағартушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының өз қолымен жазған қолжазбасы табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Насихат Мұрсалимова мен Жанат Салтақова мәлімдеді.
Қолжазбада ақынның сол кездегі Қазақстан баспасөз комитетінің баспасөз бөлімінен «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған жаладан өзін қорғауын, мәселені оң шешіп беруін өтінеді.
«Хат 1926 жылы 9 қыркүйекте төте жазумен, қызыл сиямен жазылған. Көлемі – 2 бет. Қолжазбаның соңғы жағында М. Дулат (Мадияр) деп қол қойылған», - деп түсіндірді институттың баспасөз қызметі.
Жазбада:
«Баспасөз бөліміне білдіргенім де осы, “Еңбекші қазақ” тағы жалаға берген жауабым да осы. Мүмкін болса мұны «Еңбекші қазаққа» бастыруыңызды өтінемін.
М.Дулат
(Мәдияр)» деп жазылған.
Міржақыптың «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 8 шілдедегі №145 санында жарияланған «Он алтының ойраны» атты 1916 жылғы атышулы оқиғаның ақиқаты туралы мақаласы бар. Мұнымен қоса «Жаңа мектеп» журналының 1926 жылғы №11-12-13 сандарында «Торғай уезіндегі 1916 жыл уақиғасы» атты «Торғайлық» деген бүркеншік атпен М.Дулатовтың көлемді мақаласы жарияланды. Оның мақаласының басы «Татыр соғысы» деп аталып, онда маусым жарлығына қарсы келгендерді басуға Торғай уезі басшысы Ткаченконың басшылығымен 80 шамалы атты казактың елді дүрліктіріп, ұсталғандарды ұрып-соққаны айтылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық