Өмірге бала әкелемін деп, өзі мәйітханадан бірақ шықты
Алматыда №3 перинаталды орталықта жас ана 44 күн өмір мен өлімнің арасында жатып, ақыры есін жимастан көз жұмды.
Бұл туралы Orda.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.
Марқұмның туыстары 20 жастағы келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі дейді. Олар ауруханада әйелге қандай дәрі еккенін прокуратураға арыз жазса да, біле алмай отыр.
Марқұм Салтанат Жайнарбекованың анасының айтуынша, дәрігерлер қызына толғақты тоқтататын дәрі салған. Соған қарамастан марқұм келесі күні баласын дүниеге әкелген. Артынша, дәрігерлер 4 сағат бұрын босанған әйелге тағы бір дәрі салған. Сол екпеден кейін науқастың жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне көшірілген.
Сондай-ақ, марқұмның жеңгесі де қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі дейді.
– Біресе тромбоэмфалия, біресе ковид деді. Біресе ауырып келген, өкпесі бітті деп айтты, - деді жеңгесі.
Салтанат 21 күн №3 перинаталды орталықта жатқан. Кейін есін жидыра алмаған орталық бойжеткенді №7 ауруханаға жеткізген. Онда Өкпе артериясының тромбоэмболиясы деген диагноз қойылған. ПТР сынағы теріс шыққан. Бірақ ағзасында антидене болған дейді Алматыдағы №3 қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігердің орынбасары Салтанат Ерболатова.
№7 аурухана дәрігерлері науқастан коронавирустың ешқандай белгісі болмаған деп мәлімдеді. Келіншек ауыр халде жеткізілген.
– Бізге өте ауыр жағдайда келіп түсті. Есінен танған күйінде келді, кома-3 жағдайында болды. Жасанды аппараттқа қосылған. Қаншама күн өмірі үшін күрестік. Өкпесін тексердік, ПТР алдық, онда коронавирустың белгілері болмады, - деді №7 аурухана жансақтау бөлімінің аға дәрігері Есенай Еспембетов.
Марқұмның жақындары оның 15-күні жағдайы жақсарған дейді. Дәрігерлер науқасты екі аурухана арасында тасып жүріп, енді жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр дейді.
Марқұмның туыстары әділдікті орнату үшін сотқа жүгінбекші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық