Минск келісімі бойынша жұмыстарға Германия канцлерінің көңілі толмайды
Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель Донбасс бойынша Минск келісімінде ешқандай прогресс байқалмайтынын айтты.
Меркель Украинаның шығысындағы жанжалға байланысты Ресейдің іс-әрекеті Еуропа одағы мен АҚШ-тың трансатлантика одағы алдында тұрған маңызды тақырып екенін атап өтті. Ол Вашингтон мен Брюссель Донбасс мәселесін реттеуге байланысты Мәскеумен арадағы келіспеушілігіне қарамастан, әріптестікті жалғастыруы керек деп санайтындығын жеткізді.
Мюнхен конференциясы қарсаңында Украина президентіның кеңсе жетекшісі Минск келісімін қазіргі қалпында іске асыру мүмкін емес деген болатын. Дегенмен Киев келісімде көзделген принциптерді орындайтынын айтты. Донбасс бойынша үшжақты байланыс тобындағы Ресей өкілі Борис Грызлов жақында Украинаны оқ атпау туралы міндеттемесін орындамады, сонысымен жанжал аймағындағы ахуалды шиеленістіріп отыр деп айыптаған болатын.
Донбасс аймағындағы жанжал 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Белгілісі Украина құрамындағы Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігі Киевке бағынудан бас тартқан. Жанжал басталғалы бері 13 мың адам қаза тауып, бір жарым миллионға жуық бейбіт тұрғын үй-жайын тастап кетті. Аймақтағы жанжалды реттеумен Украина, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдерінен тұратын үшжақты байланыс тобы айналысуда.
Жанжалды саяси реттеумен айналысатын, «Норман төрттігі» деп аталатын төртжақты топқа Германия, Ресей, Украина мен Франция мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері кіреді. Украина мен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерге жәрдем көрсетіп отыр деп айыптайды. Мәскеу ол айыптарды мойындамайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық