«Министрлік жауап берді»: Ресей Байқоңырдан бас тартты ма?
Фото: Камила Ермаханова, Orda.kz
Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағын жалға беру туралы келісім 2050 жылға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан бас тартуы мүмкін деген ақпарат мамыр айының басында орыс тілді арналарда тарады. Бұл туралы алғаш болып белгісіз дереккөздерге сүйенген анонимді INSIDER-T телеграм-арнасы хабарлады. Арна Ресей Байқоңырдан 2026–2028 жылдары-ақ кетуі мүмкін екенін жазған.
«Қазір Байқоңыр аумағы 2050 жылға дейін Ресей мен Қазақстанның еншісінде. Бірақ Кремль қазір өзге ғарыш айлақтарының қуаты жеткілікті деп есептейді. Сол себепті Астанамен бірлескен жобадан және «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен аттас қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге ақша құюдан толықтай бас тартуға болады деп санайды» деп жазды ресейлік арна.
Orda.kz бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме беру үшін Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ресми сұрау жолдады.
«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында 1994 жылы жасалған және 20 жылға есептелген «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы келісім 2004 жылы 2050 жылға дейін ұзартылды. Қолданыстағы жалдау шартына сәйкес, Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін мемлекетаралық міндеттемелер негізінде пайдалануды жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда жалға беруді мерзімінен бұрын тоқтату немесе Байқоңыр қаласын толықтай Қазақстан жағына беру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Аталған аумақтың жалға алу мәртебесін тоқтату немесе өзгерту туралы болжамдарға негіз боларлық құқықтық, саяси немесе ұйымдастырушылық алғышарттар жоқ. Мұндай өзгерістер тек ресми үкіметаралық келіссөздер аясында және халықаралық құқық негізінде ғана талқылануы мүмкін» деп жауап берді министрлік.
Сәуір айында Алматыда өткен кездесуде Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Сергей Лавров Байқоңыр жағдайын талқылаған. Бірақ бұл жерде ынтымақтастықтан бас тарту емес, керісінше, «Бәйтерек» бірлескен ғарыш кешенін дамыту жайлы сөз болған.
Айта кетейік, «Байқоңыр» — Ресей пайдаланып отырған ғарыш айлақтарының ішінде адам ұшатын жалғыз кешен. Ресей аумағында тағы екі ғарыш айлағы бар — «Плесецк» және «Шығыс», алайда олардан тек ғарышкері жоқ зымырандар ұшырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық