Министрлік жауабы депутатты сендіре алмады
Фото: kapital.kz
Мәжіліс депутаты Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржының қысқартылуына қатысты жауабын сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің онкологиялық ауруларды емдеуге арналған бюджет туралы жауабын жалпылама әрі сенімсіз деп атады.
Депутат Денсаулық сақтау министрлігінің ақталуы сенімсіз мәліметтерге сүйеніп жасалғанын қадап айтты. Денсаулық сақтау министрлігі өз жауабында қысқартулар ауруханалардың қаражатты тиімсіз пайдалануына байланысты деп мәлімдеген болатын.
«Ондай болса осы логикаға сүйене отырып, жол жөндеуге жұмсалатын қаржыны азайтайық, өйткені Жоғарғы есеп палатасы (ЖЕП) жол жөндеуге жұмсалатын бірқатар шығындардың тиімсіздігі туралы айтып отыр. Олай болса, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша мектеп салмай-ақ қояйық, өйткені ЖЕП жобаны іске асырудағы қиындықтар туралы жазды», - деді Аймағамбетов.
Депутат Денсаулық сақтау министрлігі жүйені жетілдіріп, мәселелерді шешудің орнына, ең қарапайым жолды – қаржыландыруды қысқартуды таңдағанына наразы.
«Барды жоқ ету – оңай. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ретке келтіріп, сараптау жүргізіп, мамандардан сұраудың орнына, үстірт жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша аяқ асты шешім шығара салуды ұйғарды», - деп қосты ол.
Депутат онкологияны қаржыландыруды қысқарту арқылы денсаулық сақтаудың басқа салаларының мәселелерін шешу мүмкін еместігін баса айтты.
«Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық науқастарды және басқа да тиімсіз шешімдер бойынша үнемдеу арқылы бюджетіндегі саңылауларды жабуға тырысады. Бұл қабылданбайды», - деді депутат.
Аймағамбетов міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен (МӘМС) тыс қалған үш миллионнан астам Қазақстан азаматының онкологиялық скринингке қол жеткізу мәселесіне де тоқталды.
«Азаматтардың онкологиялық скринингтен өту мүмкіндігі болмаса, ерте анықтаудың қандай түрі туралы айтуға болады? Онкологиялық скринингтерді міндетті медициналық сақтандыру пакетінен кепілдік берілген стандартты пакетке көшіру керек. Басқа да тиімді шешімдер жеткілікті», - деді депутат
Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің аталған шешімін қайта қаратуға ниетті екенін білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық