Министрлік Петропавлдағы қайталанған апат себебін түсіндірді
Петропавлдағы 2-ЖЭО-да өткен түнде қайта орын алған апатты тоқтатудың жай-жапсарын энергетиктер айтып берді.
«26 наурызда сағат 21.30-да Петропавл 2-ЖЭО-да теріс температураның (-13 С) әсерінен ашық жылу тізбегінен импульстік құбырлар қатып қалды. Себептер – 20 наурызда болған мұржаның құлауына байланысты цехтағы қысым мен сыртқы ауа температурасының төмендеуі. Бұл 3 қазандықтың жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта импульстік құбырлар жылытылды, ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеп тұр, 4-ші қазандықты жағу басталды, жақын арада 5-ші қазандық қондырғысы пайдалануға беріледі» деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, қазір желідегі температура 45С, тәуліктің соңына дейін температуралық режимді қалпына келтіру жоспарлануда.
Петропавл ЖЭО-дағы екінші апат туралы бүгін таңертең белгілі болды. Жергілікті тұрғындар пәтерлердегі батареялар қайтадан әрең жылынып, ыстық су жоғалып кеткенін хабарлады.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды