Министрлік пен сурдлимпиада чемпионы арасындағы сот: Оқиғаның мән-жайы
Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафиннің шағымы бойынша сотта жеңілді.
– 30 қарашада Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Еркебұлан Қанафин арасында іс жүргізу бойынша шешім шығарды, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитеті.
Сот ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 151-152, 154-155 баптарын басшылыққа ала отырып, Судрлимпиада ойындарының алтын медалін алған Қанафинге ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп таныған.
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік мекемесінің Қанафин Еркебұлан Қайратұлына ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту жөніндегі әрекеті заңсыз деп танылсын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік мекемесі Еркебұлан Қанафинге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен белгіленген мөлшерде ақшалай сыйақы төлесін, – деп жазылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімінде.
Мәдениет және спорт министрлігі Еркебұлан Қанафин есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспайтынын, ұлттық құраманың мүшесі емес екенін және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарына тіркелмегенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық