Министрлік педагогтерді суға қарсы шараларға жұмылдырмақ
Фото: Ашық дереккөзден
Еліміздегі 26 мыңнан астам мұғалім су тасқынына қарсы шараға жұмылдырылмақ, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Ақпаратты Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.
«Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Министрлік өкілдері Атырау, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Абай облыстарының жағдайымен барып танысты. Су тасқыны басталған уақыттан бері 4 739 бала сауықтыру орталықтарына, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына және инновациялық мектеп-лицей интернаттарына орналастырылды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін қосымша 8 мыңға жуық орын әзірленді. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақпен қамтылуда», - деді министрлік өкілі Мереке Амангелдіқызы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Бұл күнде су тасқыны болып жатқан өңірлерде білім беруді ұйымдастыру үшін интернет желісі күшейтілді. Топан су басқан Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды.
«26 мыңнан астам педагогтер мен білім беру саласының қызметкерлері су тасқынына қарсы шараларға, оның ішінде жағалауды бекіту жұмыстарына қатысуда. 400-ге жуық мектеп психологы эвакуациялық пункттердегі балалар мен азаматтарға психологиялық көмек көрсетуде. Одан бөлек министрліктің бағынысты ұйымдары мен аумақтық департаментерінің 300-ден астам қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастыруда», - дейді министрліктің ресми өкілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық