Министрлік қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарды жауапқа тартуға ниетті
Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздарды жауапқа тартуға ұсыныс білдірді. Ұсыныс өз кезегінде прокуратураға жіберілді.
КТК телеарнасының хабарлауынша, аз уақытта үлкен пайдаға кенелгісі келетін азаматтар саны әлдеқайда артқан. Былтыр 30 мың адам зардап шегіп, 54 млрд теңгесінен айрылған.
Айта кетсек, қаржы пирамидасын жиі отандық әншілер, блогерлер мен актерлер, спортшылар жарнамалайды. Арызданушылардың көбі жұлдыздарға сенім артады. Бірақ қазіргі таңда қаржы пирамидасын жарнамалағандар жауапқа тартылмайды.
Қазіргі таңда 126 алаяқ жауапқа тартылған. 38-і сотталса, қалғанына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сотталғандардың ішінде «Гарант 24 Ломбард» ұйымдастырушылары бар, олардан 17 адам зардап шеккен.
«L-Капитал» қаржы пирамидасының екі көшбасшысы сот шешімін күтіп отыр. Одан 300 адам зардап шегіп, 260 млн теңгесінен айрылған.
Ал кезекті «Evolution corp.» пирамидасына адамдар 3 млрд теңге жинаған. Ұйымның барлық мүлкі тәркіленген.
«Қабылданған шараларға сәйкес жылжитын және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды, оның ішінде 60 көлік, 4 пәтер, 5 жер телімі, 31 жеке үй бар. Іс сотта қаралып жатыр. Біздің ойымызша, қаржы пирамидасын жарнамалау, жарнамаға қатысты қылмыс құрамын тексеру және сәйкес қылмыстық жауапқа тарту тиімді шара болмақ. Сәйкес ұсынысты Бас прокуратураға жолдадық» деді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық