Министр Жұманғарин Orda.kz журналистерін жынға теңеді
Фото: Primeminister.kz
Ұлттық экономика министрі Orda.kz пен BES.media журналистерін «жынға» теңеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс дәлізінде Серік Жұманғарин брифингтегі өз әрекетіне қатысты БАҚ айтқан сынға жауап берді. Ол Orda.kz пен BES.media журналистерін «жынға» теңеп, Достоевскийдің романын астарлап келтірді.
«Сіздердің бұқаралық ақпарат құралыңыз қалай аталады? «Бес», иә? Атауы қызық екен. Бәлкім, Михайловичтің романына байланысты қойылған шығар, иә? Мысалы сіздер де жазып жүрсіздер, «Орда» да жазып жүр. «Ордаға» жын кіріп кеткен сияқты», – деп әзілдеді министр.
Жұманғариннің шымбайына батып отырған нәрсе — 23 маусымда Сенаттағы брифингте өзін қалай ұстағаны жайлы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар. Сол күні BES.media тілшісі Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арқылы 200 млрд теңгеден астам салықтан жалтарған компания туралы сұрақ қойған кезде министр жауап беруден бас тартып, микрофонын өшіріп, залдан шығып кеткен. Бұл оқиға жайлы Orda.kz те жазған болатын. Министр бұл сынмен келіспейтінін айтты.
«Жазыңыздар, «Жұманғарин брифингті ерте аяқтады» деңіздер. Оны кім жапты? Мен жаптым, әрине. Мен брифингті жапқан соң ғана сіздер қосымша сұрақ қоюға рұқсат сұрадыңыздар. Келісесіздер ме? Неге осыны жазбайсыздар? Сіздер сұраған нәрсені оған дейін екі спикер сұрап қойған еді», – деп наразылығын білдірді Жұманғарин.
Айта кетейік, министрдің әрекетін бұған дейін «Әділ сөз» қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова да сынаған еді. Ол Жұманғаринді қоғаммен диалогты әдейі бұзды деп айыптап, шенеуніктің мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сай әрекет етуі тиіс екенін еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық