Министр жаңа қару-жарақ қоймаларын тезірек салуды тапсырды
ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтауға арналған екі базаның құрылысын тездетуді тапсырды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Базалар құрылысы 2019 жылы ҚР Қарулы Күштерінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау қоймаларын жетілдірудің кешенді жоспарында қарастырылған.
Хабарланғандай, нысандар оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау үшін барлық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылған. Нысандар техникалық күзет құралдарымен, бейнебақылау жүйесімен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған.
Құрылыс жоспарында 2020 жылы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша заңнамаға енгізілген арсеналдар мен базалардың алыс орналасуы, шектелген аймақтар мен аумақтардың шекараларының сақталуы ескерілген.
Айта кетсек, әскери сарапшы Амангелді Құрмет Orda.kz сайтына берген сұхбатында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтаудағы барлық заң бұзушылықтарды жойғаннан кейін ғана отставкаға кетуі керектігін айтты.
Құрмет мырзаның айтуынша, 2019 және 2021 жылдардағы әскери бөлімдердегі жарылыстардың басты себебі - оқ-дәрі сақтайтын қоймалар әбден ескірген және қазіргі стандарттарға сай емес. Сарапшы кеңес уақытында қоймалар әскери бөлімдердің жанына салынғанын, өйткені соғыс болған жағдайда сарбаздардың оқ-дәрілерге тез қол жеткізуі қажет болғанын атап өтті. Енді жаңа қоймалар салу керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық