Министр жүргізуші куәлігін емтихансыз алғандарды видеоға түсіріп алды
Фото: видеодан алынған кадрлар
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елорданың арнайы орталығындағы эксперимент видеосын жариялады. Министр жүргізуші куәлігін емтихансыз алып бара жатқан адамды видеоға түсіріп алған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Брифинг барысында журналистерге автоХҚКО қызметін тексеру үшін қыркүйекте жасырын, яғни қарапайым клиент ретінде жүргізуші куәлігін алуға барып, біраз заңсыздықтарға тап болғанымды айтқан едім. Және кейін осы тексерістің нәтижесімен бөлісуге сөз бердім. «Азаматтарға арналған үкіметтегі» ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары жасаған видеоның негізінде осы маңызды мәселе бойынша шұғыл іс-шаралар қолға алынды.
– Қазіргі таңда мемлекеттік корпорациядағы әріптестерім күллі ел бойынша бақылау жұмыстарын күшейткендіктен, мұндай жағдайлар басқа да аймақтарда анықталып жатыр. Бұл бағыттағы барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданады, - деді Мусин.
Министр тексеріс басталғаннан бері күнделікті статистикаға көз жүгіртіп отыратынын айтты. Оның айтуынша, алдағы уақытта емтихан тапсыру алдында тұлғаны арнайы танитын биометриялық жүйе әзірлейтінін жеткізді.
– Тексеріс басталғаннан бері күнделікті статистикаға көз жүгіртіп отырамын. «Праваға» практикалық және теориялық емтиханды сәтті тапсырғандардың саны бірден азайғанын байқауға болады. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында соңғы екі аптада жүргізуші куәлігін алу бойынша 2160 өтініш түскен, соның ішінде тек 30 адам ғана сынақтан сүрінбей өткен. Алдағы уақытта барлық мамандандырылған ХҚКО-да теориялық емтиханды тапсыру кезінде тұлғаны арнайы биометриялық тану жүйесін енгіземіз. Бұл жүйе сынаққа келген адамның жеке тұлғасын анықтап, тест тапсырушыларды кездейсоқ орынға жайғастыруға мүмкіндік береді. Әр жұмыс орнына камера орнатылады. Мұндай жүйе қазір пилоттық тәртіпте қолданылып жатыр, - деп жазды Бағдат Мусин Facebook-те.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық