Министр Сәтқалиев жарты жылда қазақ тілін үйренуге уәде берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерден қазақ тілін үйренуге жарты жыл сұрады.
Журналистер Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне неліктен тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады.
«Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілді білу деңгейімді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіздер. Сіздің қазақша сұрақтарыңыздың бәріне жауап беретін боламын. Жауап сапалы болу үшін орысша беріп тұрмын», – деді министр.
Қазақстанда шенеунік болуға үміткерлер мемлекеттік тілді білуге тестілеуден өтеді.
Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрлігін сәуір айынан бері басқарады. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық