Министр Саясат Нұрбек жерді шетелдіктерге беруге қарсы митингілердің рөлі туралы айтты
Фото: Facebook/Sayasat Nurbek
Жаңа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жерді шетелдіктерге беруге қарсы митингідегі оның рөлі туралы айтты.
2016 жылы Жер кодексіне енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық басталғанда Нұрбек Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. Желіде оның наразылық білдірушілер мен журналистерді ұстауға өзі бұйрық бергені туралы ақпарат тарап жатыр.
Алайда министр ол кезде өзі басқаратын мекеменің полиция мен прокуратураны басқаруға, адамдарды ұстауға бұйрық беріп, қамауға алуға рұқсат беруге құзіреті жоқ екенін айтты.
«Құдай сақтасын, қан төгілмесін, кейбір заң бұзушылықтар орын алсын деп, заңды сақтаймын деп осы митингіге шығуға мәжбүр болдым. Сол жылдардағы қаралы оқиғалар естеріңізде болса, мен басынан аяғына дейін оқиға орнында болып, процесті бақылауға тырысқан санаулы мемлекеттік қызметкерлердің бірі едім. Мен жер митингісінен кейін бірден арыз жазып, жұмыстан шығып, жеке ұстанымымды білдірдім» деді министр үкімет отырысынан кейін.
Еске салсақ, Саясат Нұрбек 11 маусымда Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық