Министр Мусин президент Тоқаевқа есеп берді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін президент Тоқаевқа есеп берді. Ақпарат Ақорда ресми сайтында жарияланды.
Мусин өз есебінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен жүзеге асырылып жатқан цифрлық трансформация жұмыстарының барысы және министрліктің биылғы қызметінің қорытындылары туралы айтты.
Президентке мемлекеттік қызмет ұсыну функциясының бизнес-процестеріне қатысты реинжинирингтеу жұмыстарының аралық нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы цифрландырудың рөлі жөнінде баяндалды. Азаматтардың нақты тіршілік жағдайына қатысты 110 бизнес-процесс қайта қаралды. Атап айтқанда, жүргізуші куәлігін шығару, мүгедектікті анықтау және жәрдемақыларды есептеуді жеделдету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында субсидия алу үшін жаңа әдістер енгізу процесін трансформациялау тәжірибесі ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлы вице-министрлерге арналған KPI мен олардың жұмыстарына берілетін бағаға қатысты критерийлерді, сондай-ақ 2022 жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілерге цифрлық құзіреттерді оқыту жөніндегі ведомствоның бастамасын қолдады. Сонымен қатар Президент цифрлық трансформацияның табысты болуы үшін әрбір қызметші цифрлық дағдылардың қажетті көлемін білуге тиіс екенін атап өтті.
Биыл ведомство тексерулер санын 500 пайызға көбейтті. Соның нәтижесінде байланыс сапасының өлшемдерін сақтамағаны үшін операторларға айыппұл салынған. Қабылданған шаралар 532 ауылдағы байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
«ХҚКО» мобильді қосымшасында бейнеконсультация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер пилоттық режимде қолжетімді. Қазіргі уақытта 34 анықтаманың цифрлық айналым мүмкіндігі жүзеге асырылған. еGov mobile мобильді қосымшасында құжаттардың 18 түрін қамтитын «Цифрлық құжат» сервисі іске асырылды. Бүгінде бұл қызметті 6 миллион адам пайдаланған.
Бұдан бөлек Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа IT және ғарыш салаларын дамытудың қазіргі жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық