Министр Мусин Ердоғанды таң қалдырды
фото: видеодан кадр
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда Қазақстан үкіметінің барлық дерлік құрамымен бірге жүр.
Туркия презденті Режеп Тайып Ердоған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездескен кезде оның келбетіне таң қалып, Мусиннің жасын сұраған. Министр Мусин оған түрік тілінде жауап берді.
Анкарадағы президенттік сарайда ресми құжаттарға қол қойғаннан кейін Бағдат Мусин Ердоғанмен не туралы сөйлескенін айтып берді.
– Жасымның нешеде екенін сұрады. Президентіміз түрік тілін біледі деп пікір білдірді. Бұл туралы да айттық. Мен білемін, түрік тілінде сөйлеймін дедім. Түрі тым жас деді. Жасымды айтсам, ол таң қалды, – деп жауап берді Мусин.
Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр қызметін атқарып келеді.
Анкарада Түркияның индустрия және технология министрі Мұстафа Варанкпен бірге ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Еске салсақ, Тоқаев Түркия президенті Ердоғанмен кездесті.
«Анкарадағы Президент сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған мінберге көтерілді. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Екі елдің көшбасшылары құрметті қарауыл сапын айналып өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды» делінген хабарламада.
Бұдан кейін мемлекет басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық