Министр баспана бағасының қымбаттау себептерін айтты
Фото: kn.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты.
Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап берген Атамқұлов нарықта артық ақша айналымының пайда болуы пәтер бағасының қымбаттауына әсер еткенін айтты. Бұл ретте министр бағаның өсуіне басқа да бірнеше факторлар әсер ететінін атап өтті.
– Нарық және сұраныс факторы бар. Ел тұрғындарын зейнетақы ақшасын пайдалана алатыны дұрыс шешім болды. Бірақ бұл субъективті фактор, бұл ақшаны жұмсай аласыз. Пәтеріңіз болса, оны жалға беріп немесе сатқыңыз келсе клиент бар екенін көресіз. Ертең екінші, үшінші клиент хабарласады. Әрине, бағаны көтеруді ойлайсыз, бұл кез келген қоғамда қалыпты жағдай. Бір адамның мінез-құлқы басқаларға да жұғысты болады. Бұл нарықтағы дүрбелең, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Оның айтуынша, дәл осындай жағдай көлік нарығында да орын алып отыр. Пәтер бағасының қымбаттауына құрылыс материалдары нарығындағы бағаның өсуі де себеп болған. Бейбіт Атамқұлов пәтер бағасының өсуіне қатысты талдауға да тоқталды.
– Бізде әлеуметтік нысандарға мемлекеттік сараптама мен жеке сараптама бар. Жеке сараптамамен жобалардың құнын біле алмаймыз. Шығару бағасы, қаншаға сататынын білмейміз. Біз сұраймыз: неліктен пәтер бағасы өсті? Бір шаршы метрдегі арматураның құны қаншалықты әсер етеді? Ол монолитті құрылыстың тек 14 пайызын құрайды, рамалық құрылыста бұдан сәл аз. Яғни, олар жариялаған бағалар мен болжамды бағаларды салыстыруға келмейді. Цементке де, барлық компоненттерге де солай, - деді ол.
Талдаудан кейін Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, ірі компаниялар бағаны 15-20 пайызға арзандата бастаған. Бұл ретте министрлік нарыққа ықпал етіп, қысым көрсете алмайтынын баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық