Ең жас министр қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақ тілін үйреніп жатқанын айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Министр қазақ тілін үйрену үшін күніне 1,5 сағат уақыт жұмсайды екен.
– Қазақ тілін үйренуге күніне 1,5 сағат уақыт жұмсаймын. Жақын арада таза қазақша сөйлеуге уәде беремін. Ұлттық экономика министрлігінде маған қазақ тілін үйрететін қызметкер бар.
Бізде кез келген министрлікте, мемлекеттік органда құжат аударумен айналысатын аудармашылар бар. Олардың арасында қазақ тілін жақсы білетін балалар да бар. Біз бірге отырып дайындаламыз. Олардың бірнеше жылдар бойы жинақталған өзіндік әдістемелік базасы бар. Осы әдістемелік базаны пайдалана отырып, мен қазақ тілін үйренемін, - деді ең жас министр.
Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиев тағайындалды. Әсет Ерғалиев - Үкімет мүшелерінің арасындағы ең жасы. Ол 34 жасында министр болды.
3 ақпанда ведомство басшысы ретінде Мәжіліс отырысына алғаш рет қатысқан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақша сұраққа орысша жауап бергені үшін депутат Берік Дүйсенбиновтен сөз естіген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық