Министр Қазақстаннан 30 жылда қанша ақша шығарылғанын айтты
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 жыл ішінде Қазақстаннан сыртқа қанша қаржы шығарылғанын айтты.
ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрінен президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанға қайтаруды жоспарлап отырған заңсыз шығарылған капиталдың сомасын атау сұралды.
- Негізінен, бірнеше ондаған миллиард доллар бар. Оларды қайтару туралы да түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз. Жаңа тәсілдермен қарастыратын болсақ салықтық және салықтық емес ынталандыру шаралары бар. Салық бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, ал салықтық емес бойынша да жақсылап қарауымыз керек, - деп жауап берді министр.
Министрдің айтуынша, капиталды қайтаруды ынталандыру бойынша басқа шаралар бар. Ол бұл шаралардың Салық кодексіне түзетулер жобасына енгізілгенін атап өтті.
- Егер біз, тікелей шетелдік инвестициялар тартсақ, біздің көлеміміз 30 жыл ішінде 400 миллиард доллардан асады. Бұған дейін он миллиардтан аса қаражат шығарылған шығар, бірақ нақты соманы айту қиын. Шамамен 100 миллиард доллар болуы да мүмкін, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық