Министр Қазақстанда көмір қорының жеткілікті екенін айтты
Фото: geoenergetics.ru
Үкімет отырысы өтіп, 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды. Онда Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдері баяндама жасады.
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі электр станцияларында 4 энергоблокта, 18 қазандықта, 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтты. Оның мәліметінше, қазіргі күні 20 468 шақырым электр беру желісінің 13 мың шақырымнан астам жоспары орындалған.
Бүгінгі таңда 20 468 шақырым электр беру желісінің жылдық жоспарының 13 773 шақырымы, 462 бірлік жоғары вольтты қосалқы стансаның 316 қосалқы стансасы жөнделді, бұл желі бойынша 67 пайызды және 68 пайызды құрайды, - деді министр.
Сонымен қатар, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімдерінің сақталмауы да байқалады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі шаруашылық секторын көмірмен қамтамасыз ету бойынша апта сайын мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты. Ағымдағы жылы көмір өндіруші кәсіпорындар 68 миллион тоннаға жуық көмір өндірді.
Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, «Богатырь Көмір», «Шұбаркөл Көмір» және «Қаражыра» кен орындарында өндіріс көлемінің артуы байқалады.
Жалпы, барлық өңірлерде жеткілікті көлемде көмір қоры жинақталған, толқу да, тапшылық та болмайды. Теміржол көлігі паркі көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді, - деді Атамқұлов.
Облыс әкімдері өңірлерде көмірдің құны тоннасына 5-19 мың теңге аралығында екенін жеткізді. Баға, ең алдымен, көмірдің сортына, өндіріс шығындарына және жеткізу қашықтығына байланысты қойылатынын да айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық