Министр Атамқұлов неге көлік бағасы қымбаттап жатқанын түсіндірді
Сурет премьер-министр сайтынан алынды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда көліктердің қымбаттауы туралы айтты.
«Бұл тенденция. Бұл тенденция тек біздің республикада ғана емес, халықаралық деңгейде жүріп жатыр. Біз тек Қазақстанда шығарылатын негізгі брендтерді байқаймыз, бірақ бұл базалық бағалар BMW, Mercedes, Toyota сияқты басқа да Қазақстанда шығарылмайтын маркаларда өскен» дейді министр.
Оның айтуынша, дәл осындай өсім көрші елдерде де орын алған.
«Мысалы, Ресейде. Қытайдың үлкен нарығында да солай болып жатыр. Еуропа елдерінің нарығында да солай. Бұл бірінші кезекте қалыптасқан сұраныс. Естеріңізде болса, Пандемия кезінде адамдар үйде қамалып қалды. Банктер жұмыс істемеді, адамдар тіпті пәтер ақысын төлей алмады. Олар тек азық-түлік дүкендеріне бара алатын. Көптеген көліктердің салоны, туристік қызметтер және т.б. құлдырады» деп түсіндірді Атамқұлов.
Министр карантиндік шектеулердің жеңілдетілуі сатып алу-сату нарығындағы қозғалысқа ықпал етіп, бағаның өсуіне әкелгенін атап өтті.
«Біз әлі де пандемия жағдайында өмір сүріп жатырмыз, бірақ талаптар жұмсарды. Әсіресе сауда-саттық қызметінде өсім бар. Ол кезде сұраныс өсе бастады. Электрондық чиптерді жеткізу жүйесінде ақау болды. Негізгі жеткізушілер Тайвань, Қытай, олар АҚШ-тың қытайлық тауарларға салған санкцияларын салған.
Баға әсеріне көптеген дүниелер әсер етті. Бұл шикізатты жеткізу, чиптерді өндіру. Кәсіпорындарға чиптер жеткізілмеді, көптеген еуропалық және жапондық автомобиль кәсіпорындары, оның ішінде корейлік автомобильдер жинақтарын шығаруды тоқтатты. Бірақ қазақстандық автоөнеркәсіпте дүние жүзінде бөлшектерді жеткізу азайып, көптеген зауыттар зардап шеккенде 65 мың автокөлік шығарылды. Былтыр 53 мың көлік шыққан» деп түйіндеді министр Атамқұлов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық