Министр Астананың экологиясын қалай жақсартуға болатынын айтты
Жылу электр стансалары мен қазандықтардан, сондай-ақ жеке сектордағы пештердің және автомобиль көлігінен шығарылатын шығарындылары елорда ауасына зиянын тигізуде.
Астана ластану деңгейі жоғары қалаларға жатады. Ластану көздері - ЖЭО, автономды қазандықтар, жеке сектордағы пештер және автомобиль көлігі. Бұл туралы елорда тұрғындарымен кездесуінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
— Біз қаланың барлық экологиялық мәселелеріне талдау жасадық. Олардың негізгілері – атмосфералық ауа мен су ресурстарының ластануы, сондай-ақ қоқыс алаңдарын заңсыз орналастыру және абаттандырудың жеткіліксіздігі, - деді Брекешев.
Ол 2021 жылы жағдайды жақсарту мақсатында жаңа Экологиялық кодекс қабылданғанын, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілгенін, 2020 жылдан бастап көмірмен жұмыс істейтін жылу энергиясы, зауыттар, жеке сектор және көлік құралдары шығарындыларын азайту шараларын қарастыратын жол карталары жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Бұл тізімде 13 шара бар.
Ведомствоның мәліметінше, 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-ға газ жеткізу құбырларының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Жеке секторды газдандыруға келетін болсақ, ол үш кезеңге бөлінген. 2021 жылы бірінші және ішінара екінші кезеңнің құрылысы аяқталды. 14 мың абонент, яғни 200 мыңға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізді. Сондай-ақ 13 автономды қазандыққа көгілдір отын жеткізілді. 2025 жылға дейін толық көлемде газдандыруды аяқтау жоспарлануда.
— Өкінішке қарай, газ орнатылған аумақтарда тұрғындар үйлерін жылыту үшін қатты отынды пайдалануды жалғастыруда, бұл ауаның ластануына әкеледі. Оған себеп қосылым құнының қымбаттығы, ол 700-900 мың теңге аралығында. Министрлік әкімдіктен «Қазтрансгаз» АҚ-пен бірлесіп, қолданыстағы баға саясатын қайта қарап, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуді сұрайды, - деді Брекешев.
Көліктер экологиясы мәселесіне келсек, министр елордада 100 электробус іске қосылғанын, әкімдікке қарасты коммуналдық кәсіпорындардың барлық көліктерінің 75 пайызы газ отынына көшкенін баса айтты.
Брекешев Астанадағы жел режимін зерттеу аяқталып, қаланың дамуын, жер бедерін, жасыл желектерді ескере отырып жел картасы жасалғанын, жалпы даму жоспарларына түзетулер енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық