Министр Айдарбек Сапаров статистикада өтірік барын мойындады және оны биыл тоқтатуға уәде берді
Фото: Ашық дереккөзден
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласында жалған статистика барын мойындады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Ауыл шаруашылығы саласында өтірік есеп беру мәселесі әлі де өзекті. Ауыл ауданға, аудан облысқа, облыс республикаға өтірік есеп беретін жайттар кездеседі. Оған тосқауыл бар ма? Өтірік есеп беру үрдісі қашан тоқтайды» деп сұрады журналистердің бірі ОКҚ алаңында Айдарбек Сапаровтан.
Бұл сұраққа министр жауап ретінде «сонымен, біз биыл айналыса бастадық» деді.
«Биылдан бастап тоқтайды. Жарты жыл, жыл аяғына дейін бірінші біз өсімдік шаруашылығын, сосын мал шаруашылығы екеуін де орнына келтіріп, есепті түзеп, ары қарай бұл көрсеткішті әкімге кіргізгенде көрсеткіш азаяды. Біз оны қазір азайтамыз. Мысалы, картопты, бидайды атап өттік. Неше түрлі қосымша көрсеткіштер болған. Соны азайту үшін тыйым қоямыз. Бәленбай жылдан бері жалғасып келе жатқан жұмыс. Биылдан бастап тоқтатсақ, жауапкершілікке тартамыз. Бұлай ары қарай жұмыс жүргізуге болмайды», – деді ол.
Жаңалықтар
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді