Министр Абаев: Назарбаевтың елге қызмет еткенін саяси оппоненттері де мойындайды
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев журналист Нартай Аралбайұлының youtube-арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы да сұрақтар болды, өйткені Дәурен Абаев эк-президент тұсында президент әкімшілігінде қызмет атқарған.
Дәурен Абаевқа «Қазір Нұрсұлтан Назарбаевты даттаудан марафон өтіп жатқан секілді. «Ол туыстарына ие бола алмады» деген сындарды шенеуніктер, депутаттар айтатын болды. Тұңғыш Президент қызметінен кеткенде жылаған Азат Перуашев күні кеше берген сұхбатында «Назарбаев қаңтар оқиғасы үшін тікелей жауапты адам» депті. Неге бұлай? Бұл екіжүзділік пе?» деген сұрақ қойылды.
— Ол бізге ғана тән нәрсе емес. Адам кетсе, жұмыстан қайтса күйіп жүрген азаматтар бар, олар өз пікірін айтады. Ол әсіресе қаңтар оқиғасына да байланысты нәрсе деп ойлаймын. Адамның эмоциялары білінеді. Бірақ бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Ол кісі 30 жылға жуық елімізді басқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы - үлкен тұлға. Мемлекетімізге қандай жұмыс жасағанын бәрі біледі. Оның бәрі өтті. Мысалы, оның саяси оппоненттері де оны мойындайды. Елге қызмет еткенін. Сол тұрғыдан ойлау керек деп ойлаймын, - дейді Абаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық