Міндетті вакциналау: мектеп оқушыларының тізімін сұратқан басшылық жазаланды
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Жалағаш аудандық білім бөлімінің жергілікті мектеп басшыларына жазған хаты әлеуметтік желіде тарады. Онда 12 жастан асқан оқушылардың санын нақтылау қажеттігі айтылған. Тұрғындар хатта балаларға міндетті екпе салу үшін тізім сұралған деп түсінді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Хатты алған ата-аналар біраз шошып қалды. Осыдан ата-аналардың балаларға екпе салдыруға дайын еместігі белгілі болды.
– Біздің елімізде қолданыстағы заңнамаға сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға кез келген вакциналау ата-анасының келісімінсіз жүргізілмейді, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Аудандық білім бөлімінің басшысы мерзімінен бұрын бастама көтергені үшін жазаланды.
– Облыстық білім басқармасы ата-аналарды алаңдатып, қоғамда екіұшты пікірге жол берген Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысының қызметтік жауапкершілігін қарастырды. Оған тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланды, - деп түсіндірді Қасымова.
Баспасөзге Қызылорда облысы бойынша ҚҚДБ бастығының орынбасары Әлия Әбдіқайымова да жауап берді.
– Елде балалар мен жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Балалар мен жүкті әйелдерді вакциналауға рұқсат етілген американдық Pfizer вакцинасы әлі елге әкелінбеген, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық