Миллиондаған жемқорлық туралы қазіргі министр бұрынғы министрге меңзеді
Фото: Ашық дереккөзден
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласындағы жемқорлыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Үкімет отырысынан кейін журналистер министрге «Соңғы кездері Алматы немесе Түркістан облыстарындағы білім басқармасы немесе білім бөлімінің басшылары жүздеген миллион теңгенің жемқорлығы бойынша ұсталып жатыр. Тіпті олардың ішінде өз-өзіне қол жұмсаған адамдар бар. Осы дүние сізді алаңдатпай ма? Білім саласындағы жемқорлық балаларға сапалы білім беруге кедергі келтірмей ме? Бұл мәселеде өзіңізді айыптымын деп есептемейсіз бе?» деп сұрақ қойған болатын.
Бұған жаңа министр де еш қымсынбастан жауап қатты.
«Жалпы сізге белгілі оқу-ағарту менен жемқорлық сәйкес келмейтін ұғымдар. Сондықтан да былтыр біз сыбайлас жемқорлық агенттігімен бірлесе отырып осы салдағы мәселелерді толыққанды зерттеуге кірістік. Сол бағытта жол картасы әзірленді, бірнеше рет мектеп және білім басқармасы мен білім бөлімі басшыларымен көптеген кездесу, семинарлар өткіздік. Сондықтан да қазір көп анықталып жатқан жағдайлар яғни, 2020 жылдан бастап жіберілген қателіктер шығып жатыр. Бұл біздің бірлескен жұмысымыз. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс, тазалық болуы керек. Сондықтан бұл бағытта барлығымыз бірлесе жұмыс істеуіміз керек», – деді министр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық