Миллиондаған салықтан қашқан блогерлер қылмыстық іспен құрықталады
Коллаж Orda.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогерлердің миллиондаған салық қарызына қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Азамат Әмриннің айтуынша, салық органдарының назарын аударған блогерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
«Жалпы ережелер бар, олар барлығына бірдей қолданылады. Егер кәсіпкер жылына 12 ЕТЖ-ден (ең төменгі жалақы) көп табыс алса, онда ол міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек. Кәсіпкерлік кодексінде нақты ережелер көрсетілген, егер жеке тұлға жылына 12 ЕТЖ-ден көп табыс тапса, осы шекті мөлшерден асқан сәттен бастап салық төлеу міндеттемесі туындайды», – деді Әмрин.
Жеңіс Елемесов салық төлеуден жалтарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Өте үлкен сандар айтылып жатыр. Біз қылмыстық істі тек уәкілетті орган тиісті тексеру жүргізіп, мемлекетке келтірілген нақты залал мөлшерін көрсететін акт немесе қорытынды ұсынғаннан кейін ғана тіркей аламыз», – деп түсіндірді Елемесов.
Сонымен қатар. Елемесов бұл істердің қылмыстық немесе әкімшілік болатынытнақты қаражатқа байланысты екенін атап өтті.
Жуырда блогерлер мемлекеттік кірістер комитетінен салық бойынша көпмиллиондық қарыздар туралы «хат» алды. Қаражат әртүрлі, бірақ ондаған миллион теңгемен есептеледі. Блогерлердің айтуынша, бұған дейін олармен ешкім байланыспаған және салықтық заңбұзушылықтың қашан және қалай пайда болғанын түсіндірмеген.
Салықтық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцевтің пікірінше, салық қызметі блогерлердің жеке тұлға ретінде ашылған банк шоттарынан көшірмелер алған. Олардың жеке карталарына қанша ақша түскенін білген соң, мемлекеттік кірістер комитеті бұл табыстар мен тіркелген жеке кәсіпкер кірістері арасында сәйкессіздік анықтаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық