Миллиондаған қарызы бар «ҚазМұнайГаздың» экс-басшысына іздеу жарияланды
Қазақстанның ММА федерациясы бұған дейін «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы болған Алик Айдарбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Федерация Алик Айдарбаевтың көптен бері байланысқа шықпағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оның республикалық аралас жекпе-жек қауымдастығы басшы болған кезінен бері 100 миллион теңге қарыз қордаланып қалған.
«Қазақстанның Біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның қазіргі президенті Алик Айдарбаевты іздеп жатыр. Алик Серікұлы, спортшылармен хабарласуыңызды сұраймыз!» деп жазды федерация әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ жарияланым астындағы пікірлерде мемлекет жекпе-жек өнерін дамытуға қанша қаржы бөлсе де, «спортшылардың өздеріне бір тиын да жетпегені» айтылған.
«Неге барлық спорт ұйымдарын тікелей қолдап, жастарды бюджет қаражатын басқаратындардан қорғау мүмкін емес. Бірақ бәрі ұрлап, діттеген жеріне жетпей жатқан қаражатты бөлісіп алып жатқанын көріп отырмыз. Мүмкін осындай паразиттерді, біліксіз шенеуніктерді және өзінің қара басы үшін бәрін бәске тігуге дайын арамтамақтарды тоқтататын кез жетті деп ойлаймыз»», - деп атап өтті федерацияның Қызылорда филиалының өкілдері.
Алик Айдарбаев қазіргі қызметіне дейін негізінен мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2018-2022 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық