Михаил Ломтадзе доллар мен банкротқа қатысты қауесеттерге жауап берді
Фотоколлаж
13 наурызда ұсталған Қайрат Сатыбалдының ісі және Украина мен Ресей арасындағы соғыс салдарынан Kaspi.kz айналасында туындаған қауесеттерге байланысты банк басшысы Михаил Ломтадзе бейнеүндеу жасады.
Өзінің Youtube-тегі ресми арнасында банкке қатысты тараған ақпараттарды Михаил Ломтадзе «миға сыймайтын қауесет» деп атады.
«Бірінші, Kaspi-дің банкроттығы туралы хабарламалар. Бұл нағыз далбаса. Мен Kaspi компаниясын 2007 жылдан бастап, 15 жылға жуық басқарып келемін. Біздің жетістіктеріміз бен жұмысымыз үшін жеке жауаптымын. Біз еліміз үшін көп нәрсе жасадық, клиенттеріміз бізді жақсы көреді, мұндайда көптеген арам пиғылдылар мен жаман адамдар қызғанышпен қарап, ақша төлеп, өтірік қауесет таратып, арандатушылық ұйымдастырып, бәрін бүлдіруге тырысатыны анық» делінген үндеуде.
Ломтадзе Қазақстандағы қолма-қол доллар тапшылығы туралы да айтып кетті.
«Бірден айтайын, бұл Ресейге қарсы санкцияларға тікелей байланысты уақытша құбылыс, соның салдарынан әдеттегі бағыттар бойынша қолма-қол ақшаны жеткізу қиынға соғуда. Мысалы, Украина мен Ресейді айналып өту салдарынан тұрақты рейстердің уақыты ұзарып кеткенін немесе мүлде тоқтап жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Қолма-қол ақшаны жеткізу бойынша да осындай мәселе бар. Ұлттық банк қазір АҚШ-тан тікелей жеткізуді ұйымдастырумен айналысып жатыр және жақын арада қолма-қол ақша әкелуге уәде берді. Бұл тек қолма-қол валютаға қатысты уақытша тапшылық. Көріп отырғаныңыздай, доллармен қолма-қол ақшасыз операцияларды еркін жасауға болады. Бұл жағдайдың теңгеге мүлдем қатысы жоқ» деп баса айтты ол.
Сонымен қатар, Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының кешегі тұтқындалуына қатысты да пікір білдірді.
«Бізге клиенттер тарапынан мұндай сұрақтар болған жоқ. Бірақ біздің жауларымыз осы фактіні пайдаланып, біз туралы тағы да жағымсыз пікір айтуға тырысатынына сенімдімін. Сондықтан мен бұл жөнінде алдын ала пікір білдіргім келеді. Қайрат Сатыбалдының Kaspi-мен 4 жылдан бері мүлдем қарым-қатынасы жоқ. Ол 2015-2018 жылдар аралығында қысқа уақыт аралығында Kaspi акционерлерінің бірі болды» деді Kaspi басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық