Миграциялық рейдтер жаппай наразылық тудырды: Трамп Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны кіргізді
Фото: Elements.envato.com
АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелеске екі мың Ұлттық гвардия сарбазын енгізді, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жұма күнінен бері наразылық білдірушілер мен федералды агенттер арасында қақтығыстар жалғасып жатыр. Мигранттарды ұстауға бағытталған рейдтер ашу-ыза тудырып, ашынған демонстранттар Лос-Анджелестің орталығындағы федералды үкімет ғимаратын қоршап алды. Ұсталғандардың бәрі осында жеткізілді.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген кадрларда полиция қызметкерлерінің бронежилет киіп, көзден жас ағызатын газ және резеңке таяқшалармен наразыларды таратып жатқаны көрінеді.
«Бір видеода наразы азамат полицияның жол талғамайтын көлігін тоқтатпақ болған сәтте, көлік тоқтамай, сол адамды қағып өтті» деп хабарлайды БАҚ
Иммигранттарды ұстауға бағытталған рейдтерге Лос-Анджелес мэрі Карен Басс пен қалалық полиция басшысы Джим Макдоннелл өз наразылықтарын білдірді. Ал АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) директорының міндетін атқарушы Тодд Лайонс Карен Басты бүлікке қолдау көрсетті деп айыптады.
Ақ үйдің хабарлауынша, Дональд Трамп тәртіпсіздікке жол берілмеуі үшін Лос-Анджелеске екі мың Ұлттық гвардия қызметкерін кіргізу туралы президенттік меморандумға қол қойды.
«Президент Трамп заңсыздықтың кең таралуына жол бермеу үшін екі мың гвардия сарбазын жіберуді көздейтін меморандумға қол қойды», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Левитт.
Калифорния штатының губернаторы әскер енгізу жағдайды ушықтырады деп есептейді.
Айта кетейік, Дональд Трамптың көші-қонға қатысты саясаты бастапқы кезден-ақ өте қатаң болды. Жуырда ол 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды.
Биылғы жылдың басында АҚШ-та миграциялық заңнаманы бұзды деген күдікпен қазақстандықтар да ұсталған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық