«Мерт болғандар бар»: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

cover Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жол апаты «Павлодар-Семей» жолында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі қар жинайтын көлікті басып озбақ болып, қарсы жолға шығып кеткен. Сол сәтте жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жеңіл көліктің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 3 адам көз жұмды. Көлік ішінде жүргізуші мен 2 жолаушы болғаны анықталды. 

Қайғылы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар