«Менің жеке тұлға ретінде құқығым бар»: депутат Әлиев пен вице-министр Қарағойшиннің дауы
Коллаж: Orda.kz
Мәжілісте құрылыс кодексі қызу талқыланып, жекелеген нормаларды депутаттар сынап, тіпті кейбірі құжатты іске жарамсыз деп мәлімдеді. Мәжілісмен Болатбек Әлиев те кодекс жобасында құрылысты бақылау бойынша мемлекеттің рөлі басым екенін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Құрылыс кодексі жобасын мәжілісте өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин қорғады. Оған қойылған сауал ұнамай қалса керек, сөз арасында сұрақ қойған Болатбек Әлиевпен айтысып қалды.
«Бірыңғай порталдың батырмасын қарап отырып, сараптаманы бақылай алмасаңыздар, оларға аттестат берсеңіз, олардың бәрі құрылыс кодексі шеңберінде бір жерге топтастырғыларыңыз келіп отыр. Мұндай қатаң жағдайда жемқорлық қаупін қаншалықты жолға қоя аласыздар? Түркиядағы зілзаладан кейін Мемлекеттік сараптама арқылы мемлекеттік бақылауды күшейту керек деген тоқтамға келдіңіздер. Бес қабатқа дейінгі үйлерге сараптаманы жеке компаниялар жүргізе алады. Егер мемлекеттік сараптаманы күшейтсеңіздер, жемқорлыққа қалай шектеу қоясыздар?» – деп сұрады Әлиев.
Бұл сұраққа жауап берген Тимур Қарағойшин “Қарағойшин осының бәрін ұйымдастырды” деген сұрақ дұрыс емес екенін айтқан. Сол сәтте Әлиев сөзді бөліп, “менің сұрағыма баға беретін сізде құқық жоқ” деп ашуланса, Қарағойшин “менің жеке тұлға ретінде құқығым бар” деп жауап қайтарды.
«Сөзімді бөлмеңіз. Электронды портал туралы айтайын. Жеке сараптама ұйымдарының өзіндік ақпараттық жүйесі бар. Мемлекеттік орган мен олардың құзыретіне араласа алмаймын. Бұл заңда қарастырылған. Қазір үкіметтен бізге "визуалды" түрде баға белгілеу міндеті қойылды. Егер бір жерде үй құлап қалса, зерттеу жүргіземіз. Ол зерттеуді нақты меморгандарға жүктейміз. Жеке сараптамаларды жеке палатаға жолдаймыз. Олар да мемлекеттік сараптама секілді қылмыстық жауаптылықта болуы керек. Олардың да палатасы бар, бірақ нақты әрекеті жоқ», – дейді Қарағойшин.
Дәлізге шыққаннан кейін Әлиев кәсіпте жүрген адамдардың да мүддесін қорғалуы керектігін тілге тиек етті.
Бұл жерде баланс сақталмай тұр. Мемлекеттік орган өзінің құзыретін күшейтсе дұрыс болады деп есептейді. Бұлардың беріп жатқан статистикасы – осыншама жекеменшік сараптама жасайтын мекеме осыншама заңсыз немесе кемшілік жасады деп жатыр. Ал соның бәріне лицензия мен аккредитацияны кім беріп отыр? Сол порталдың батырмасын басып, дұрыс, бұрыстығын кім қарап отыр? Мемлекеттік орган. Сондықтан, өзінің мүддесін күшейтіп, алдыңғы тетіктерді қайта қосып, өз әлсіздігін (өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) көрсетіп отыр, – дейді Әлиев.
Әлиевтың сөзінше, мемлекеттік сараптаманың монополиясы бұрыннан күшті.
Мысалы, олардың айтып отырғаны 100 пайыз сараптаманың 80 пайызын жеке меншікке, 20 пайызын мемлекет сараптамасы етейік дейді. 20 мен 80 пайыз сараптаманың салмағын салыстыруға келмейді. Өйткені барлық қаржы 20 пайызда. Мектеп, аурухана, жол, көпір, үлкен ғимараттың бәріне сараптаманы мемлекеттік сараптама жасайды. Меніңше, бұл жерде баланс болуы керек, – дейді Әлиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық