Менің сиқырлы таяқшам жоқ — Абай облысының әкімі
Фото: gov.kz
Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің даму жоспарына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жазда ыстық судың болмауы, кәріз жүйесі, нашар жолдар, жарықтандыру және қар тазалау — Семейде жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселе.
«Жүйелік мәселелер шешілмейді деп айта алмаймын. Ыстық суға келетін болсақ, бізде 20 жыл бойы ыстық су жоқ. Мен оны дұрыс емес деп санайтынмын, бірақ соған қарамастан, ЖЭО салынғанға дейін жазда ыстық су болмайды. Осыдан бастайық», — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ өңір басшысы Семейдегі жолдарды асфальттау көрсеткіші 38%-дан 50%-ға жеткенін, алайда 95%-дық көрсеткішке жету үшін қалаға шамамен 38 млрд теңге қажет екенін айтты. Ұранхаев барлық мәселелерді бірден шешуге сиқырлы таяқшасы жоқ екенін атап өтті.
«Егер сіз біз барлық аулаларды, барлық жолдарды бір жылда жасап, ыстық су береміз деп ойласаңыз — менде оны орындай салатын сиқырлы таяқша жоқ, маған сеніңіз. Бізде үкімет бекіткен Кешенді жоспар бар және біз осы мәселелердің барлығын шешу үшін бірте-бірте жұмыс істеп жатырмыз. 25 жыл жасалмаған нәрсені тіпті 3-5 жылда да тез шеше алмайсыз, бірақ 2028 жылға дейін бұл кешенді жоспарды орындаймыз», — деп қосты өңір басшысы.
2023 жылғы желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургке ресми сапары аясында Қазақстанда үш ЖЭО салу туралы келісімге қол қойылғаны хабарланған болатын. Сол кезде Семей мен Көкшетауда ЖЭО 2027 жылы пайда болатыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық