«Менің кесірімнен хейт астында қалдың» – Досаев
Бейнероликтен үзінді
Досаев картина сыйлаған алматылықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Ерболат Досаевқа өзінің суреті салынған картина сыйлап, алғысын жаудырған жігіт те келді, ал оны әкім бірден танып, жігіттен кешірім сұрады.
«Менің кесірімнен хейт астында қалдың. Шын жүректен жасалған сыйлыққа алғысым шексіз. Бірақ мұндай сыйлықтарды дұрыс түсінбей қалатындар бар. Алайда сені ыңғайсыз жағдайға қалдырғаным үшін кешірім сұраймын», - деді әкім.
Тілге тиек етсек, алматылық бұл жолы сыйлығын емес, ұсынысын арқалап келіпті. Ол автобус жолағына қатысты заңды қатаңдатуды сұрады. Жігіттің айтуынша, автобус жолағына өтіп, өзі 5 рет айыппұл төлеген. Алайда төлем бар болғаны 1,5-5 АЕК мөлшерінде ғана болған.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады