Мені көзсіз пайдаланды – сотталған блогер Махамбет Әбжан ақпарат көздерін ашты
Сурет: Orda.kz.
Сотталған блогер Махамбет Әбжанның әйелі Гүлзира Дүйсембаева Orda.kz редакциясына хабарласты. Ол күйеуінің қолымен жазылған хатты әкелді. Онда ол ақпарат берушінің кім екенін ашық айтқан. Хатта жазылғандай оның ісі бойынша Ермек Әлімов жауапкер болғанымен, сотта Әбжанға ғана айып тағылған.
Ал кейбір материалдардың егжей-тегжейлері мен ақпарат көздерін жария етуге Exclusive.kz сайтында Әлімов туралы жарияланым себеп болған. Әбжан сотталған соң ол шетелге кетіп, қазір Ұлыбритания сотына Genesis Digital Assets тау-кен компаниясының акционерлерінің үстінен шағым түсірді. Сот ісі Әлімовтің қазір Genesis Digital Assets Limited (GDA) басқаратын, бизнесмендер Әбдімалік Мирахмедов, Рашит Махат және Андрей Ким акцияларының 50%-ына иелік ететін Қазақстандағы ірі биткоин өндіру жобасына қатысты.
Әлімов талап арызында кәсіпкерлердің оның алдындағы міндеттемелерін орындамағанын және оған уәде етілген серіктестіктегі үлесті рәсімдеуден бас тартқанын айтады.

Еске салайық, 2022 жылдың жазында Әбжан өзінің Telegram-арнасында Рашит Махатты Қайрат Сатыбалдының «оң қолы» деп атаған бірнеше жазбалар жариялаған болатын.
Артынша Әбжан 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Сот мәжілісінде Рашит Махат жәбірленуші деп танылды, айыптаушы тараптың айтуынша, журналист БАҚ-қа «ар-намысқа тиетін ақпарат таратамын» деп қорқытып, ақша бопсалаған. Ақпан айында Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратып, бопсалағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Уәде етілген жоғары деңгейлі эксклюзивтер
Енді Әбжан өз хатында Әлімовтің Telegram-дағы арнасын жай ғана жеке мүддесі үшін пайдаланғанын алға тартады.
«Оқиғалардан кейін бір жыл жеті айдан кейін мен бәрін түсініп, Әлімовтің қарсыластарына қысым көрсету үшін менің Telegram Abzhan-News ресурсын пайдаланғанына көзім жетті. Әлімов Махат тұлғасына назар аударуға ерекше қызығушылық танытты», - деп жазады сотталған журналист.
Оның айтуынша, Махаттың жеке басына назар аудару үшін Әлімов оның коммуналдық тарифтерді көтеруге қатысқаны туралы теріске шығаруды жариялауды талап етіп, танымал есімдерді көрсететін «бомба» жаңалықтарға уәде береді.
Бұрынғы шенеунік Ермек Әлімов біраз уақыт мемлекеттік қызметте болған. Ал соңғы ресми жұмыс орны 2019 жылы жабылған «Астанаэнергосервис» АҚ болды. Сонда депутаттар акционерлік қоғамның жалақы қоры жылына 600 миллион теңгені болатынын есептеген. Ал делдалдық мемлекеттік компанияның бірінші басшысының айлық жалақысы 1,5 миллион теңге, оның төрт орынбасарының әрқайсысы 1 миллион 300 мың теңге еңбекақы төленді.
Жалпы, Әбжанның айтуынша, Әлімов оны кәсіпкер Рашит Махат туралы ақпаратты жариялауға көндірген.
«Мен келістім, өйткені ол қоғамға танымал есімдер мен ішкі ақпаратты беруге уәде берді, сонымен қатар басылымдарға ақша төлеуді ұсынды. Әлімов мені «материал бомба болады» деп және Махаттың бұрынғы серіктесі ретінде кен өндіруші шаруашылықтардың жағдайын жақсы білетініне сендірді. Соның салдарынан әдейі жалған ақпарат беріп, өз ойынына мені пайдаланды», – дейді Әбжан.
Әбжан Әлімовтің ақпарат көзіне қатысты күдіктерді жою үшін өзі туралы сыни мақала жариялауға да дайын болғанын да жазады. Алайда Әбжанның Telegram-арнасында Әлімов туралы ешбір жарияланым жоқ.
Толығырақ мәліметті ашқан Әбжан Әлімовке соңғы сәтке дейін сенгенін, оған адвокат пен ақшаны ұсынылғанын мойындады. Бірақ, ақырында, сот процесінде журналист қарапайым үкіметтік тегін адвокатпен ғана қамтылды. Ал экс-ақпаратшы көзден ғайып болды. Бұл ретте Әбжан Әлімовтің журналистің ақталуына аса мүдделі болғанын, өйткені бұл екі іс бір-бірімен тығыз байланысты екенін айтады.
«Шын мәнінде, мен Әлімовтың коммерциялық мүдделерінен зардап шектім. Оны Әлімов пен оның серіктестері арасындағы коммерциялық дау туралы қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін білдім. Менің арнам арқылы Махатқа ықпал ету әрекетім сәтсіз аяқталды. Бұл сотқа дейінгі шағым арқылы да нәтиже бермеген сияқты. Енді ол британдық сотқа шағым түсіріп, мәселесін сонда шешпек. «Мен түрмеде отырмын, ал менің отбасым отағасыз, әкесіз, баласыз қалды», - дейді Әбжан.
Естеріңізге салсақ, 2022 жылдың 3 шілдесінде Әбжанның 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталғаны белгілі болды. Кәсіпкер Рашит Махат полицияға бопсалау туралы шағым түсірді. Әбжанға 274-баптың 2 және 3-бөліктері бойынша «көрінеу жалған ақпарат тарату», сондай-ақ жәбірленушінің абыройын түсіретін ақпаратты таратамын деп қорқытып, 194-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы «Бопсалау» бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.
Жаңалықтар
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады