Мені қайтадан түрмеге қамауы мүмкін – Жәкішев
фото: видеодан кадр
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішев саяси партия құру туралы ойларымен бөлісті.
Бұл туралы Мұхтар Жәкішев «Гиперборей» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
– Біріншіден, мен саясаткер емеспін. Мен ешқашан саясатпен айналаспадым. Менің ойымша, менен жақсы саясаткер шықпайды. Менің не істейтінімді бәрі болжай алады. Бұны кемшілік деп есептеймін. Саяси күресте қулық керек. Екіншіден, көптеген адамға жаңалық болуы мүмкін, мен 2023 жылғы 21 мамырға дейін мен әлі (түрмеде – Ред.) отырмын. Мен әлі айыбымды өтеп отырмын. Менің кесілген жазаны өтеу уақытым әлі біткен жоқ. Сондықтан, Қазақстан Заңнамасына сәйкес, маған дауыс беру құқығы берілмейді. Мен сайлауға қатыса алмаймын.
Маған: «Неге партия құрмайсыз?» деп сұрайды. Партия құру үшін жоба, пікірлес адамдар керек және бұның барлығы не үшін жасалып жатқанын білу қажет. Менде оған заңды құқық жоқ. Себебі, мен дауыс та бере алмаймын және сайлауға қатыса алмаймын. 2023 жылдың мамырына дейін мен тұтқындамын, – деді Жәкішев.
Сонымен қатар, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы қандай жағдайда қайтадан түрмеге оралу мүмкін екенін айтты.
– Көшеде тыйым салынған жерден өтсем немесе темекі тұқылын лақтырсам, кез-келген құқық бұзушылық болса, мені босатқан жерге қайта ораламын. Онда 2023 жылдың 21 мамырына дейін емес, мен түрмеде отырмаған 3 жыл 2 айға қайта қамаламын. Мысалы, 2023 жылдың 19 мамыр күні бір әкімшілік құқық бұзушылық жасасам – түрмеде 2026 жылға дейін отырамын.
Қазіргі таңда, менің мәртебем – жарымжан. Сондықтан, кез-келген азамат менен қандай да бір іс-қимыл күтпегені дұрыс. Өйткені, мен Заң бойынша, кейбір құқықтарымнан айрылғанмын. Ешқандай партиялық саясат туралы айта алмаймыз. Заң бойынша, бұл мүмкін емес, – деді Мұхтар Жәкішев.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы өзінің «тұтқын» мәртебесіне аса көп мән бермей, саяси реформалар қажетілігін атап өтті.
– Мен бұл мәртебеге қарай бермеймін. Мені қайтадан қайтара алады, мен әр апта сайын белгіленіп отырамын, сағат түнгі 10:00-нан кейін үйде болу керекпін. Оған мен қайғырмаймын. Саяси реформа қажет. Бұл біреуге ұнай ма, ұнамай ма? Мен әрдайым ол туралы ойлаймын және айтамын. Сол үшін отыру керек болса – отырамын, – деп түйіндеді Жәкішев.
Еске салсақ, 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының қылмыстық Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол бұған дейін бас бостандығынан айыру орындарында ол 11 жыл отырды.
2009 жылдан бастап Жәкішев пен оның жақтастары сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылды.
Кейбір қазақстандық құқық қорғаушылардың пікірінше, Жәкішев 2009 жылы Қазақстаннан кеткен бұрынғы банкир және қазақстандық биліктің сыншысы Мұхтар Әбіләзовпен достық қарым-қатынасы үшін қылмыстық қудалауға ұшыраған.
Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды
- Қостанайда қамаудағы бес азаматты сотқа алып бара жатқан полиция көлігі апатқа ұшырады
- Ұлттық ұланның 1 млрд теңгеден астам тұратын жері мемлекетке қайтарылды
- Әскери кафедрада оқығандар екі жылдық қызметке шақырыла ма?
- Елімізде найзағай ойнап, аптап ыстық +43 градусқа дейін көтеріледі
- 62 жастағы әйел 34 әшекейді интим жеріне жасырып, заңсыз өткізбек болған
- Президент Ішкі істер министріне «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді
- Астанада Ақордаға қарама-қарсы орналасқан Триатлон паркінде өрт шықты
- Қайрат Сатыбалдының меншігі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығы миллиондарға арзандаса да ешкімге керек болмай тұр
- ДДСҰ және World Population Review дерегі бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы ең көп ішетін елге айналған
- АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризм күдігімен ұсталды
- Боралдайда сушидан 19 адам уланып, аруханаға түсті
- СҚО-да жұмыс іздеп барып, далада қаза тапқан тракторшының өлімі туралы не белгілі?
- Израильдік БАҚ: Иран АҚШ-пен келіссөздердің 60 күндік кезеңі арқылы «уақыт ұтуды» көздеп отыр
- G7 құрамындағы елдер Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға көмекті арттырмақшы
- Павлодар облысының тұрғыны өзінің үш жасар қызын өзгеден деген күмәнмен азаптап өлтіріп, өмір бойына сотталды
- Қазақстан мен Чехия полициясы азаматтардың жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны әшкереледі
- Жазушы Өтебай Қанахиннің немересінің өлімі қоғамдық резонанс пен депутаттың қозғау салуынан кейін ғана алға жылжыды
- Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді