«Мен ұры емеспін, мен кісі өлтірмедім»: Сотта Тұрлыхановтың ұлы не деді?
Коллаж: Orda.kz
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі бүгін Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қайта қаралды, деп хабарлайды Оrda.kz.
Сот процесі бастала салысымен Нұрасыл Болаттың қорғаушысы Назкен Құсайынова істің бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтуін сұрады. Бірақ Анна Чернова бұл істі жабық түрде қарауға еш негіз жоқ екенін жеткізді. Судья кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін істің журналистердің қатысуымен өтетінін хабарлады.
Депутаттың ұлына екі ереже бұзу бойынша айып тағылуда. Алғашқысы 2024 жылдың 11 қазанында тіркелді. Ол күні Нұрасыл Болат «Elegant Hall» түнгі клубында болды, бұл көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу ережесін бұзу болып есептелді. Екінші ереже бұзу фактісі 12 қазанда орын алды, ол кезде оның «Queen» караоке-барда болғаны анықталды.
Нұрасыл Болаттың қорғаушысы Назкен Құсайынованың айтуынша, Нұрасыл Болат пробациялық қызмет тарапынан заң бұзушылықтар болғанын айтып отыр. Сонымен қатар, электронды бақылау құралының 2-3 сағат сайын өшіп, қуаттауды талап етуі оған үлкен қолайсыздық тудырған.
«Небәрі 21 жасар жігітті бас бостандығынан айырғаннан не пайда? Ол 5 ай бойы пробациялық бақылау қызметінің қысымында болып, күйзеліске ұшырады. Оның үстіне, соңғы екі түсініктемені бір күнде жаздырған»,— деді Құсайынова.
Сондай-ақ, депутаттың ұлы сотта судья оған сөз бермесе де: «Мен ұры емеспін, мен кісі өлтірген жоқпын, неге мені бас бостандығымнан айыру керек?» — деп айтып қалды.
Сотта прокурор Нұрасыл Болаттың 5 ай бойы пробациялық қызметтің қысымында болғанын жоққа шығарды.
«Нұрасыл Болаттың қалған 1,5 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыруды сұраймыз. Сонымен қатар, ол түсініктемелерді пробациялық қызметтің қысымымен жазды және өзінің не жазып жатқанын түсінбеді дегенге сену қиын. Өйткені кез келген уақытта ол өз қорғаушысынан барлық ақпаратты сұрап алуға мүмкіндігі бар»,— деді прокурор.
Анна Чернова прокурордың айтқанымен толықтай қосылатынын жеткізді.
«Нұрасыл Болатқа әрдайым пробациялық бақылау қызметі тарапынан ескертулер болды. Түсіндіру жұмыстары толық жүргізілді және түнде белгіленген уақыттан кейін көңіл көтеретін түнгі клубтарға баруға тыйым салынатыны жайлы да айтылды. Оны өзі де білді. Сондықтан мен прокурордың айтқанымен келісемін», — деді Чернова.
Сотталушы мен оның адвокаты Назкен Құсайынова жазаны өзгертпеуді сұрап, тек бір ғана ереже бұзылғанын алға тартты.
«Құрметті сот, мен кінәмді мойындаймын, ережені бір рет бұзғаным рас»,— деді соңғы сөзінде Нұрасыл Болат.
Сот шешімі ертең 22 қазанда жарияланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық