«Мен сені танымаймын». Қабатовтың ҰБТ былығына қатысы бар ма?
Тұрсынбек Қабатов әлі де ҰБТ-дағы былыққа қатысы жоқ екенін алға тартып отыр. Ол өздері сияқты басы дауға қалған ата-аналарды іздеп қызы оқыған білім ордасына келді.
Бұл туралы Orda.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.
Орталықтың алдында әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен орталық директоры Бауыржан Жәдігеров арасында дау туды. Бірі жақсы танимын десе, екіншісі барлығын жоққа шығарып, бірінші рет көруім дейді. Ол тіпті, қызын ҰБТ-ға дайындаған Нұрбек Қанайды танымайтынын айтты.
– Осы 140+1 мектебінде қызымның оқитынын білемін. Сол жерден ҰБТ-ға кеткенін де білемін. Қызым ҰБТ-ға кірді. Қызым ҰБТ-ны тапсырды. Бірақ ішіндегі жаңағы болып жатқан былықты жасаған кім екенін мен білмеймін! Жалған құжатты жасаған жаңағы Нұрбек па, кім екенін білмеймін мен, - дейді Қабатов.
Ал орталықта математикадан сабақ беретін Нұрбек Қанай Әдемі Аманғали мен тағы үш түлектің орнына басқа адамдарды кіргізгенін мойындады. Ондағы мақсаты – түлектерге жоғары балл алып беріп, танымал әзілкештің парақшасында өзін жарнамалау екен.
– Әдемі жоғары балл алса, ертең менің беделім өсер еді. Мен өз беделім үшін осындай қадамға бардым. Мұны жүзеге асыру оңай болды. Жәй ғана Әдемі мен Сымбаттың суретін ауыстырдым, қалғанын өзгеріссіз қалдырдым. Ештеңе өзгертпедім, - деді педагог.
Осылайша, 13 маусымда ҰБТ-ға түлектердің орнына студенттер кірген: Әдемі Аманғалидің орнына Нұрбек Қанайдың туған қарындасы Сымбат Қанай, Саодат Алиеваның орнына Дана есімді қыз, Бексұлтан Қаршығаның орнына Нұрлыбай, Күзенов Темірланның орнына Нұрислам.
– Құжаттардың түпнұсқасымен кірді. Оригиналдарымен кірді. Әдемі Әдемі болып, Сымбат - Сымбат болып. Тексерушілер көріп, кіргізеді. Кіргеннен кейін логин, пароль береді. Кейін орнымен ауысып кетеді. Тексерушілер келіп жатса, жалған құжатты көрсете салады, - деді Нұрбек Қанай.
Нұрбек Қанай өтіріктің арты ашылғанын, 102-ге қоңырау түсіп, сегіз адам ҰБТ-дан шығарылғаны туралы айтылғанда білген. Оның айтуынша, 4 түлектің ата-анасы одан хабарсыз болған.
Қазір математик Нұрбек Қанайдың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Әзірге оның қандай жазаға тартылатыны белгісіз.
Тұрсынбек Қабатовтың айтуынша, ол бұл былық туралы тек адвокат Абзал Құспан жазбасынан білген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық