«Мен оны теледидардан көріп өстім»: депутаттар Сара Назарбаева туралы не дейді?
Фото: Facebook /Рафаэль Гасанов
Сара Алпысқызының қазасы жайлы ақпарат шыққаннан кейін кейбір саясаткерлер көңіл айта бастады. Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған соң, бұл жазбалар әлеуметтік желіден өшірілді. Orda.kz тілшілері мәжіліс депутаттарынан Сара Алпысқызы жайлы қандай пікірде екенін сұрап көрді.
«Мен де таң қалдым»
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында көңіл айтқан еді. Алайда көп ұзамай бұл жазбаны өшірді. Мәжіліс дәлізінде ол болған жағдайға түсініктеме беріп, кешірім сұрады:
«Менің әлеуметтік желілерімді көмекшілер жүргізеді. Өзім осы уақытқа дейін пленарлық отырыста болдым, Instagram-ға қарап үлгермедім. Жазбаны салып, артынша алып тастаған. Жеке өзім ештеңе жариялаған жоқпын. Жазбаны көріп, өзім де таңғалдым. Кейін таныстарым WhatsApp арқылы скриншоттарын жібере бастады. Қалай болғанда да, кешірім сұраймын», — деді ол.
Сара Назарбаеваға қатысты пікір білдірген Мұқаев оны ең алдымен елбасының жары ретінде танитынын айтты:
«Мен ол кісіні теледидардан көріп өстім. Оны сынайтындай дәрежеде емеспін», деді Мұқаев.
«Өте нұрлы жан еді»
Бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сара Алпысқызымен таныс болғанын айтты:
«Жасырып қайтейін, біз тығыз жұмыс істедік. Өте нұрлы жан еді. Көптеген оң бастамалар көтерді. Не істесе де, шын жүрегімен сенетін. Балаларды өте жақсы көретін».
Аймағамбетов саясат пен жеке өмірді ажырата білу қажет екенін атап өтті:
«Саясат — бір бөлек, жеке өмір — бір бөлек. Әр адам қателесуі мүмкін. Бірақ менің жеке тәжірибем бойынша ол кісі балаларға, әсіресе балалар үйіндегі балаларға көмектесуге шын ниетімен тырысатын. Бұл іске жан-тәнімен араласатын, уайымдайтын. Шынайы жан еді».
«Оның тарапынан қандай да бір алаяқтық туралы естімедім»
Заңгер әрі мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әуелде Сара Алпысқызын Назарбаевтың «бұрынғы әйелі» деп атады. Журналистер жұптың ресми түрде ажырасқан-ажыраспағанын нақтылаған кезде, ол бұл туралы білмейтінін айтты:
«Жоқ, білмеймін. Бірінші президенттің жұбайы», — деді Базарбек
Ол Сара Алпысқызын өзі ұзақ жылдар бойы зерттеп келе жатқан жер мәселесіне қатысты күмәнді істерден көрмегенін атап өтті:
«Оның артында қандай да бір күмәнді әрекеттер, әсіресе жерге қатысты, тіркелгенін не көрген емеспін, не естіген емеспін. Сондықтан бұл жөнінде ештеңе айта алмаймын. Ал отбасының басқа мүшелеріне қатысты сұрақтарым бар».
Сондай-ақ депутаттан Сара Назарбаева пантеонға жерленуі керек пе деп сұралды:
«Бұл заңға қатысты менде көп сұрақ бар. Пантеонда кім жатуы керек екенін қоғам өзі шешуі керек деп есептеймін. Бұл — үлкендердің мәселесі емес, бұл — халықтың мәселесі», — деді ол.
Базарбектің пікірінше, пантеонда «елге адал қызмет еткен, саясатта, экономикада, мәдениетте, өнерде, спортта із қалдырған, халықтың мүддесі үшін өмір сүрген» адамдар ғана жерленуі тиіс. Назарбаевтар отбасы пантеонға лайық па деген сұраққа ол:
«Бұл сұраққа жауап бермей-ақ қояйын. Отбасының кейбір мүшелеріне қатысты сұрақтарым бар, солар менің ұстанымымды қалыптастырып отыр», — деп жауап берді.
Сара Назарбаева — 1962 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың жары болды. Бұл некеден үш қыз туды: Дариға, Динара және Әлия. Кейін жұптың ажырасқаны, Сара Алпысқызы қыз кезіндегі тегі — Қонақаеваны қайтарғаны хабарланған. 2023 жылы жарық көрген естелік кітабында Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет өзінің екінші жары — Әсел Исабаева туралы айтып, 1999 жылы шариғат бойынша некелескенін мойындаған еді.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президенттердің және олардың отбасыларының денсаулығы мен жеке өміріне қатысты ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын заңға өзгерістер енгізді. Бұл жаңалық аясында ақпарат таратуға тыйым салынды. Біз зерттеу мақаламызда Назарбаевтың Әсел Исабаеваны неге ресми түрде «жарым» деп атап жария еткені жайлы жазған едік. Ондағы мақсат осы некедегі ұлдардың дүние-мүлікке ресми түрде ие болуы үшін жасалған болуы мүмкін деп топшыладық.
Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды