Мен оны қолдадым– Нұрсұлтан Назарбаев Мария Әуезова туралы
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық альпинист Мария Әуезованы қолдайтынын айтты.
ҚР тұңғыш президентінің сөйлеген сөзінің видеосын Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде жариялады. Сондай-ақ, кадрларда Әуезованың жаттығу және тауға шығу сәттері, жаңа протездегі алғашқы қадамдары көрсетілген.
«Мария, тізеден жоғары аяқтары жоғына қарамастан, Эверестке көтерілді, елестете аласыз ба? Жас қыз. Адамның рухы қандай, ерік-жігері қандай. Мен оны қолдадым. Жарайсың, Мария. Сіз жастарға үлгісіз» деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нурсултан Назарбаев: Молодец Мария, ты являешься примером для молодежи! pic.twitter.com/MtesRjwm2r
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 14, 2021
Еске салсақ, 13 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесіп, оған мемлекеттік сыйлық табыс етті.
2021 жылдың сәуір айында альпинистер тобы Мария Әуезовамен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патар тауына (5640 метр) сәтті көтерілді. Эверестті аяқсыз бағындырған альпинистің әрекетіне сүйсінген Елбасы ҚХА-ның 29-шы сессиясында қызға протез сатып алуға көмектесуге уәде берді.
Елбасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Мария Әуезоваға бионикалық протездер орнатылып, мамандардың бақылауымен бейімделу курсы жүргізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық