«Мен мойыған жоқпын»: «Орда» сайтының бас редакторы өз адвокаты арқылы үндеу жолдады
Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова үйқамақта отыр. Ол адвокаты арқылы әріптестеріне және өзіне қолдау білдірген жандарға сәлем жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін кешке адвокат Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында Гүлнәр Бажкенованың сөзін жариялады:
«Достар, мен байыпты қалпымнан танбадым, мойыған жоқпын. Өзімді қорғаймын. Қазір үйқамақтамын. Басқа жол қалмады. Бұл қиын кезең де аяқталады. Заң мен әділдікке сенемін. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Дәл қазір бұл мен үшін өте маңызды. Қасымда болғандарыңызға рахмет. Сондай-ақ әріптес-журналистеріме алғыс айтамын», — деп жазылған хабарламада.
Адвокат Мұрат Адам полицияға көптеген өтінішхат жібергенін, сондай-ақ, заңсыз тінту мен редакция мен Гүлнәр Бажкенованың мүлкін алып кету фактілері бойынша Бас прокуратура мен Алматы прокуратурасына шағым түсіргенін айтты. Сонымен қатар адвокаттың заңды жұмысына кедергі келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап еткен.
Оның айтуынша, Гүлнәр Бажкенова ұсталған сәтте адвокаты келмейінше ешқандай түсініктеме беруден бас тартқан, сонымен қатар өзіне адвокатсыз қол қоюға ұсынылған құжаттарға қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартқан.
«Ол маған хабарласып, жүргізіліп жатқан процестерге қатыстыруды талап етті. Бірақ, өкінішке қарай, оның сөзіне құлақ аспады. Мені оның қасына өткізбеді. Кеше мұның бәрін сіздер өздеріңіз де БАҚ пен әлеуметтік желілерден көрдіңіздер. Міне, біздің «Жаңа Қазақстанымыз» осындай», — деді адвокат.
Бұған дейін саяси мақалалар жариялағаннан кейін «Орда» редакциясына түрлі қысым көрсетіліп, шабуыл жасалғанын айта кетейік. Біздің қызметкерлеріміз тұратын жерге бейтаныс адамдар келіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көршілерден сұрақ-жауап алып, жасанды суреттер көрсетіп, журналистің іздеуде жүргенін айтып кеткен жағдайлар да тіркелді. Тіпті «Orda» редакциясының Instagram және Facebook-тағы парақшалары тағы да бұғатталған кездер де болды. Сонымен қатар бас редакторымыз басылымды қалай тартып алмақ болғандары жайлы ашық айтып берген еді.
1 желтоқсан күні таңертең қарулы күштер Orda.kz кеңсесіне басып кірді. Ешқандай қаулы көрсетпестен, қорғаушыларды кіргізбей, журналистерді тінтіп, жауап алу басталды. Адвокаттардың айтуынша, қарулы күштер қорғаушыларды ғимараттан күштеп шығарып жіберген.
Күні бойы редакция қызметкерлерімен хабарласа алмадық. Журналистер тергеушілердің дөрекілік көрсеткенін айтты. Оларға тамақ беруге тыйым салынып, туыстарымен сөйлесуге де бес сағаттай мүмкіндік берілмеді. Ал кешке бас редактор Гүлнәр Бажкенованы сотқа дейін 2 айға үйқамаққа қамады.
Айта кетейік, Қазақстан Журналистер одағы 274-баптың белсенділер мен журналистерді қудалайтын тетікке айналғанын атап өтіп, бұл бапты алып тастау қажет екенін айтты. Журналистер одағының Гүлнәр Бажкеноваға қатысты мәлімдемесін мына сілтемеден оқыңыз.
Сондай-ақ, кеше құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ екенін атап өтіп, Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істердің саяси тапсырыс екенін ашық айтты.
Қадірлі оқырман, Orda.kz ары қарай ақпарат таратуын жалғастырады. Әлеуметтік желілеріміз бен сайтымыздан елдегі жаңалықтарды оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық