Мен Мәсімовтің командасында жұмыс істеген жоқпын – ҰҚК басшысының орынбасары
Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Кәрім Мәсімовтің ісіне ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов түсініктеме берді.
Комитет басшысы орынбасарының айтуынша, Мәсімов жұмысқа қаңтар айының басында келген. Бірақ Әмірханов тергеу құпиялылығына сілтеме жасай отырып, комитеттің бұрынғы төрағасы қандай бұйрық бергенін айтпады.
«Күзге қарай біраз дүние түсінікті болады деп ойлаймын» деді генерал-майор Мәжіліс алаңында журналистердің сауалдарына жауап беріп.
Қазір қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК органдарының жеті қызметкері тергелуде: комитеттің бұрынғы төрағасы мен оның орынбасарлары, бесінші басқарма бастығы, сондай-ақ ҰҚК-нің аумақтық департаменттерінің басшылары.
Мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға дайындық, билікті асыра пайдалану баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. ҰҚК департаменттерінің бұрынғы басшылары да әрекетсіздікке қатысты күдікке ілінді.
Әмірхановтың айтуынша, ол ұлттық қауіпсіздік органдарында 25 жыл қызмет еткен, бірақ өзін «Кәрім Мәсімов командасының» мүшесімін деп санамайды.
«Мен үшін команда маңызды емес, мен мемлекет үшін жұмыс істеймін» деді ол.
Әмірханов 9 қаңтарда ҰҚК бастығының орынбасары болып тағайындалған, оған дейін ол департаменттердің бірін басқарған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық