«Мен – қазақтың самурайымын»: Арон Атабек ақтала ма?
Фото: Алма Нұтышеваның жеке архивінен
31 қаңтар белгілі қоғам қайраткері, ақын, диссидент және саяси белсенді Алматыдағы «Шаңырақ оқиғасында» алдыңғы шепте болып, тұрғындардың мүддесін қорғаған Арон Атабектің туылған күні. Атабек тірі болғанда 72 жасқа толар еді. Осыған орай Orda.kz депутат Ермұрат Бәпиден және қызы Алма Нұтышевадан әкесінің атын ақтап алуға қандай әрекет жасап жатқанын сұрастырды.
Айта кетейік, Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталды. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бензин құйып өртеп жіберген. Денесінің 70%-ын күйік шалған ол кейін ауруханада көз жұмды. Билік оның өліміне бірнеше жергілікті тұрғынды, соның ішінде қақтығыс кезінде сол жерде болған Атабекті айыптады.
Куәгерлердің айтуынша, Атабек полиция қызметкеріне көмектесуге тырысқан, бірақ күштік құрылымдардан соққы алған. Артынша анықталғандай жанғыш қоспасы бар бөтелкелерде Атабек пен басқа сотталушылардың саусақ іздері табылған жоқ. Арон Атабек Шаңырақ оқиғасына қатысты шыққан 18 жылдық үкімнің 15 жылын түрмеде өткізіп, бостандыққа шықты. Бірақ, көп ұзамай 2021 жылы 24 қараша күні кешкі сағат 20:45 кезінде қайтыс болды.
«Денсаулығы мықты ер азаматтың түрмеден тірі қаңқасы шықты»
Арон Атабектің қызы Алма Нұтышева әкесінің атымен Назарбаев даңғылы мен Шаңырақ ықшамауданын атауға әбден лайық екенін айтады. Сонымен қатар, Нұтышеваның президент аппаратына әкесін ақтау туралы хат жазғанына екі жылдан асыпты.
«Мен Әкемді Павлодар түрмесінен алып шыққанда, бар сұмдық артта қалды деп сендім. Оның ұзақ өмір сүріп, денсаулығын қалпына келетініне, бірге болмаған жылдарымыздың өтеуі болады деп үміттендім. Оның арқасында Желтоқсан оқиғасының құрбандары ресми түрде танылды. Арон – Кремльде М.Шаханов оқыған аңызға айналған хаттың авторы. Ол хат тарихтың ағымын өзгертті! Арон Атабек – желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Оның ғажайып еңбектері көптеген жазушылар, түркологтар мен шығармашылық адамдар үшін ғылыми құралға айналды. Назарбаев даңғылы мен Шаңырақ ықшамауданы Арон Қабышұлының атымен қайта аталуға лайық. Оның өлімі арнайы жоспарланған, азапты, баяу кісі өлтіру деп санаймын. Енді қашан шындық мойындалып, әкемнің атын ақтайды?», – дейді Атабектің қызы.
«Аронның аты ақталар шақ туады, бірақ, қазір емес»
Сондай-ақ дәл осы, Арон Атабектің аты ақталарына қаншалықты мүмкіндік бар дегенді депутат Ермұрат Бәпиден сұрадық. Бәпидің айтуынша, Арон Атабектің аты ақталатын уақыт келеді, бірақ, қазір емес.
«Арон Шаңырақта тұратын тұрғындардың мүддесі үшін барды. Бірақ, арты үлкен дауға айналды, қақтығыс болып, адам қайтыс болды. Сонымен қатар, бұл оқиғада жергілікті биліктің қатысын жоққа шығаруға болмайды. Сол кезде Алматы билігі оларды басып-жаншымай, үйлерінен күшпен қуып шықпай, диалог пен келісімге келер басқа да жол табуға болар еді. Яғни, бұл жерде сол Алматы билігінің озбырлығын айту керек. Ал енді Бас прокуратура мен биліктің ақтауға болмайтын себебі, ол жерде оқиға қатысты бірнеша адам болды. Қалай болғанда да полиция қызметкерінің қайтыс болғаны – қылмыс. Егер Аронды ақтайтын болса, қалған сотталғандарды да ақтау керек. Ал қайтыс болған полиция қызметкерінің туыстары мен жанұясы бұған не дейді? Бәлкім, осы тұрғыдан келгенде билік пен Бас прокуратура ақтау мүмкіндігі жоқ деп санаған шығар. Дегенмен оның аты ақталар уақыт келеріне мен сенемін, бірақ, ол дәл қазір бола қоймас», – деді Бәпи.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, сол кездегі оқиғаға қатысты адамдар билікте әлі де отыр.
«Ертең істі қайта қарайтын шақ туғанда олар да өз мүддесін қорғайтынын ұмытпайық. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде әлі компромисстік кезең уақыты келген жоқ деп санаймын. Ал Аронның азаматтық, ұлтына деген жанкешті ерлігін ұрпағына насихат етіп, ұмытпау керек», – деді депутат.
Атабектің қызы әкесінің атын өшірмеу үшін бүгін де әрі оның істеген ерлігі ел жадында қалуы үшін ол туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр, деректі фильмнің сценарийі дайын.
Соңғы мәлімдемелерінің бірінде Арон Атабек өзін Жапон самурайына теңейді.
«Жапон самурайларында мынадай сөз бар, самурайдың борышы – адал және ақырына дейін күресу. Мен қазақтың самурайымын, борышым – соңына дейін күресу. Денсаулығымды аздап қалпына келтіріп, оппозициялық саясатымды жалғастырамын, халықты ұлы алаш революциясына дайындаймын», – деп жоспар құрып еді ол.
Алайда, бұл жоспарын орындау бұйырмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық