Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
Фото: Orda.kz
Астанада премьер-министр Олжас Бектенов пен оның төрт орынбасары журналистер алдына шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесу барысында БАҚ өкілдері қойған негізгі сауалдардың бірі — коммуналдық қызмет тарифтері жайлы болды.
Бұған дейін үкімет инфляцияны ескеріп, тарифтердің өсу қарқынын уақытша бәсеңдететінін мәлімдеген еді. Алайда Бектенов бұл тарифтердің өсуі мүлде тоқтайды дегенді білдірмейтінін ашық айтты.
«Тағы бір мәрте қайталап айтамын: тариф өсімінің баяулауы — өсу тоқтайды деген сөз емес. Мұны барлығы дұрыс түсінуі қажет. Мен халыққа жақсы болу үшін «тарифтер өспейді» деп айтқым келмейді. Жоқ, өседі. Осы арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестиция тартамыз», — деді премьер-министр.
Оның айтуынша, «Тариф есебінен инвестиция» бағдарламасы 2023 жылдан бері іске асып келеді. Бүгінге дейін бұл бастама аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 605 миллиард теңге тартылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық