Мемлекеттік қызметшілер декларациясында қандай мәліметтер болуы керек
Сурет: Ашық дереккөзден
Мемлекеттік кірістер департаменті заңнама талаптарын түсіндірді.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылы кіріс декларациясын тапсырған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (250.00-форма) ағымдағы жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-форма) тапсыратынын еске салды.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияда алынған кірістермен қатар шетелдік банктік шоттардағы ақша туралы және Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік туралы мәліметтер, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Егер 2021 жылы сіз мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті не құқықтар немесе мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті сатып алсаңыз (алсаңыз) немесе сатсаңыз (берсеңіз), онда мұндай мәміленің фактісі осы декларацияда көрсетілуі тиіс.
Сонымен қатар, егер есепті жылы мүлікке меншік құқығы (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, заңды тұлғаларға қатысу, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары, тұрғын үй құрылысына қатысу) пайда болған жағдайда, осы мүлікті сатып алу шығындарын өтеу көздері, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына қатысу туралы ақпаратты көрсету қажет.
Айта кетейік, есепті салық кезеңі 2021 жыл. Тиісінше, 2021 жылы жасалған барлық осы транзакциялар міндетті түрде декларациялануға жатады.
Декларацияны ұсынудың соңғы мерзімі: 15 шілдеге дейін – қағаз жүзінде; 15 қыркүйекке дейін – электронды түрде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық